ТАЗА ҚАЛА ШАРАСЫ

17:00, 15 сәуір 2019

Қарағанды қалалық қоғамдық кеңес мүшелері сенбілікке шықты. Олар «Таза қала» шарасы аясындағы бастамаға қолдау көрсетті. Осы жолы оңтүстік шығыс ауданындағы шіркеу маңы мен Күнгей елді мекеніндегі бірнеше көше қоқыстары тазартылды

Құрамында 30-ға жуық мүшесі бар Қарағанды қалалық қоғамдық кеңес мүшелері асқан белсенділік танытып, сенбілікке шықты.Олар Күнгей ықшам ауданының Батыр Баян, Ақселеу Сейдімбеков, Кәрім Мыңбаев көшелеріндегі қоқыстарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде -200  қап көше қоқыстары  сыртқа шығарылды. Қала тазалығына    байланысты жүргізілген шараның негізгі мақсаты - көшелер мен тұрғын-үй жайларын және діни орындарды қордаланған қоқыстан тазарту. Яғни, қоршаған ортаға келтіретін зиянын жойып, экологиялық жағдайға баса назар аудару болып табылады,-дейді Қарағанды қалалық қоғамдық кеңесінің мүшелері.

Марат ТҮСІПОВ, Қарағанды қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі:

-Бүгін сенбілікке қатысып,тазалық жұмыстарына кірісіп кеттік.Біз қарағандылықтарды «таза қала» акциясына шақырамыз.Көрікті қаламызды қоқыстан арылту басты міндетіміз.Бұл жұмыс одан әрі жалғаса береді.Сондықтан сенбілікке бір кісідей қатысайық

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар