ТАУ ТҰЛҒАНЫҢ ТАҒЛЫМЫ

16:10, 15 сәуір 2019

Биыл қазақтың біртуар ғалымы, минерология ғылымдарының докторы Қаныш Сәтбаевтың туғанына -120 жыл.Тау тұлға металлогения мектебінің негізін қалады.Ал Қарағандыда атақты академиктің құрметіне еске алу митингісі өтті.Рухани шараға ғалымның жерлестері мен ұрпақтары және қала тұрғындары қатысты

Құрмет Омаровты 1961 жылы  белгілі ғалым Қаныш Сәтбаевқа алғаш рет әкесі амандасу үшін арнайы алып барған көрінеді.Сол кезде ол нәбәрі он бір жастағы  бала  екен.Естен кетпес тарихи сәт жерлесінің әлі жадында сайрап тұр.Алты алашқа аты мәшһүр арда азаматтың  ақ батасын алғанның арқасында зейнеткердің көсегесі көктей көгерді.Болмыс-бітіміне қарап  бой түзеді.

Құрмет ОМАРОВ, Қ.Сәтбаевтың жерлесі:

-Маңдайымнан сүйіп, қолымды кеудесіне басып еді.Сол күнді ешқашан ұмытпаймын.Бәріде жақсы болып келе жатқаны, атамның арқасы Сол кісінің батасы деп ойлаймын.Ұмытылмайтын тұлғаның атында аспанда планета бар.

Бұл күні Қаныш Сәтбаевтың  ұрпақтары мен жерлестері және  жалпақ жұрт еңселі ескерткіш алаңына төрт көзі түгел жиылды.Митингте зиялы қауым ғұлама ғалымның ғылым мен тарлан тарихқа қосқан еселі еңбегін тереңнен толғады.Еске алу шарасында ата-баба салтына сай, дархан дала дарабозының рухына құран құран бағышталды.Жиналған қауым  қазақтан шыққан тұңғыш академиктің тұлғалық тұғырына тағзым етіп, алқызыл гүл шоқтарын қойды.Өйткені олар қоғам қайраткерінің өмір өткелдері мен өлшемдерін сара сүрлеу деп санайды.

Арыстан ҒАЗАЛИЕВ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі:

-Қазақстанның дамуына үлкен үлес, ізгілік қалдырды.Ол кісіден үлгі аламыз. Жолын жолғастыруға барымызды саламыз.

Халықты рухани рақымға бөлеген шара ақын,қаламы қарымды журналистердің сиясы кеппеген өлеңімен өрілді.Ескірмейтін естеліктердіде  көзкөргендер орамды оймен орғатылды.Мейрам Қарасартовта  біртуар тұлғаның рухына арнаған арнауын  жүрекке жеткізіп оқыды.

Мейрам ҚАРАСАРТОВ, ҚР Журналистер одағының мүшесі:

-Қаныш Сәтбаев біздің ауылға соқпай өтпейді екен.Жұмекең ақсақалмен сырлас болған. Үлгі деген ауылымызда Қаныш бағы бар.Алақандай ауылда ойнап өстік.

Қаныш Имантайұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты Теңдік ауылында дүниеге келген. Заңғар тұлға  Жезқазған мен Ұлытауда гелогиялық зерттеу жүргізіп,  мыс , темір, көмір қорғасын кеніштерін ашты.Жезді кентіндегі марганец кеніне барлау жасап, тамырына қан жүгіртті.  Онымен қатар қазақ мектептеріне негізделген Алгебра оқулығын жазды. Парасатты профессор 600 астам  ғылыми еңбектің авторы.Данқты геолог жауапты қызметтерді абырой биігінен аласармай  атқарды. Археологияның алып бәйтерегі Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастырушысы және оның тұңғыш президентіде болған.Минерология ғылымдарының докторы «Ертіс –Қарағанды» каналының жобасын жасаған.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар