ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ – ТІЛ

13:25, 5 қыркүйек 2019

«Тіл – татулық тірегі». Осындай атаумен этномәдени бірлестіктер арасында көрме-фестивальі өтті

Президент  Жолдауында қазақ тілінің ұлтаралық тіл болып табылу керектігін айтты. Бұл орайда мемлекеттік тілді дамыту саясаты қарқын алды деген сөз. Аймағымыздың әкімдігі де бұл бастаманы қолдап отыр. Достық үйінде тілдер күні қарсаңында облыстық этномәдени орталықтардың өкілдері фестивальға қатысты.

Минара ГУЧИГОВА, фестиваль қатысушысы:

-Мен үйде де, мектепте де қазақ тілінде сөйлеймін. Қазақ тілінде ән тыңдаймын. Ұлтым шешен болса да, қазақ тілін толық меңгере аламын. Кеше ғана Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, біз қазақ тілін біліп, оны құрметтесек, нағыз патриот бола аламыз.

Фестивальдің мақсаты мемлекеттік тілді насихаттау және Қазақстанда тұратын 130-дан аса ұлт өкілдерінің бірлігін дәріптеу. Шараға кәріс, казак, украин, әзірбайжан, татар, поляк, неміс және түрік, барлығы 8 этномәдени орталықтан 25 өкілі қатысты. Олар өз орталығының тарихы және ұлтының мәдениетін, әдет-ғұрпы мен арнайы дайындалған ұлттық тағамы жайлы қазақ тілінде мағлұмат берді. Сондай-ақ, төл елдің тілінде ән шырқап, өлең оқыды.

Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Қуаныш Оспанов  жиналған жұртқа тілдер мерекесіне орай лебізін білдірді.

Қуаныш ОСПАНОВ, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары:

-Қадірлі қонақтар! Баршаңызды бүгінгі мереке – Қазақстан Республикасының тілдер күнімен құттықтаймын. Баршаңызға сәттілік тілеймін.

Аталған орталық өкілдері «Нұр Отан» партиясымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тығыз жұмыс жасайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара мемлекеттік тілдің ауқымын кеңейтуге септігін тигізетініне сенімді.

Евгения ШУЛЬЦ, Достық Үйі даму бөлімінің басшысы:   

-Фестиваль форматындағы мұндай іс-шараны біз алғаш өткізуіміз. Президент Жолдауының негізінде, мемлекеттік тілдің мәртебесін жоғарылату мақсатында өткізіп отырмыз. Облысымыздың барлық этносы қатысты. Болашақта аталмыш шараны дәстүрге айналдыру жоспарда бар.

Дәстүрлі шараға кәріс ұлтының атынан қатысқан  Тимур Тен қазақ тілін жоғары құрметтейтінін айтады.

Тимур ТЕН, фестиваль қатысушысы:         

-Мен осы шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Мемлекеттік тілді білу – әрқайсысымызға міндет. Себебі біз осындай көп ұлтты мемлекетте тұрамыз. Отбасымызда бәріміз қазақша сөйлейміз. Жақында «Абай 175» челленджіне қатыстым. Осы шара мен үшін үлкен қуаныш. Себебі, мен қазақша еркін сөйлей алатынымды көрсетемін. Қазақ  тілін құрметтеймін.

Фестивальда өнер көрсеткендер мақтау қағазымен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Құндыз ҚАНАҒАТҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар