ТАСҚЫНҒА ТОСҚАУЫЛ

16:23, 11 наурыз 2019

Биыл су тасқыны салдарынан қарапайым халық мүмкіндігінше жапа шекпеуі тиіс. Ол үшін жергілікті әкімдер бар жағдайды жасап, жыл бойы жасақталған шараларды кешенді түрде орындауға міндетті. Облыс әкімі Ерлан Қошанов қызметтік сапармен Бұқар жырау ауданына барып, Нұра өзенінің бойындағы су басу қаупі бар елдімекендердегі алдын алу жұмыстарымен танысты

Бұқар жырау ауданында қызыл судан зардап шегетін 16 елдімекен бар. Алайда, өзен бойындағы ауылдардағы жағдайды қалыпта ұстау үшін бірқатар кешенді шаралар жүргізілген. Сондықтан табиғи апаттан ешкім қорғалмаса да, ерте қамданып, алдын алу керек деді, аймақ басшысы

ЗКТ: Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалинов осында ақпанның 25-нен бастап арықтарды тазарту, бөгеттер орнату жұмыстары басталғанын айтты. Сонымен қатар су арықтары сақталатын шұңқырлардың көлемі де ұлғайтылған. Елдімекендерді ағын судан қорғау мақсатында айнала топырақ төгілген.

ЗКТ: Қазір судан көп зардап шегетін Чкалов ауылында алдын алу жұмыстары толық аяқталған. Осындай ауылдардың бірі Ғабиден Мұстафин кентін табиғи апаттан қорғау ерекше назарға алынды. Ерлан Қошанов 15-ші наурыздан бастап облыстың барлық аймағын аралап жағдаймен жіті танысатынын айтты.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар