ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

14:02, 14 наурыз 2019

Өңір спортшылары үшін тағы бір мүмкіндік. «Жастар» спорт кешенінде 300-ден астам жас палуан жиналған облыстық турнир өтті

Дзюдо күресінен жалауын көтерген байрақты бәсекеде бозкілемде бағын сынауға 14 өңір мен Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің  ұландары қатысты. 2005-06 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы турнир шымылдығы толассыз құттықтаулармен ашылды. Алғаш болып ізгі тілекті «Жас сұңқар» спорт мектебін басқарған басшылар білдірсе, көп ұзамай татамидегі тартыс басталды.

Оннан астам салмақты сарапқа салған жас палуандар жеңіс жолында аянып қалмады. Бозкілемде бағын сынауға келгендер өз өңірлеріндегі жарыстардың жеңімпаздары. Алғашқылардың бірі болып Шет ауданының намысын қорғап келген Хамит Нұролла қарсылас шақ келтірмеді. Енді, тек финалда бағым жанса дейді жас өрен.

Хамит НҰРОЛЛА, жас палуан:

-Ақсу аюлыдан келдім. Қарсыласым Батыр спорт мектебінен. Осы Қарағандыдан. Қайыру әдісі бойынша жеңіп кеттім. Арманым әлем чемпионы болу.

Ала шапанды ағайындардың да жас палуандары бозкілемде жеңісті қолдан бермеуге тырысты. Жарыстың алғашқы күнінде жақсы нәтижеге қырғызстандық спортшылар да қол жеткізіп үлгерді. Десе де, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтауда қонақжайлық танытудан гөрі, әділ төрешілік басты орында дейді, -спорт мектебінің өкілдері.

Бекзат АХМЕТОВ, «Жас сұңқар» спорт мектебінің жаттықтырушысы:

-Жас сұңқар спорт мектебі түлектерінің жүлдесі. 300 астам спортшы қатысуда.

 «Жас сұңқар» спорт мектебінің ұжымы 2 күндік жарыс жас спортшыларды шыңдай түсеріне сенімді. Жарыс соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтармен кубоктар табыс етілмек.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар