ТАРИХЫ ТЕРЕҢ ГАЗЕТ

17:03, 15 қыркүйек 2020

1921 жылдың 22 наурызында Ташкент қаласында «Жас Алаш» газетінің алғашқы саны басылып шықты. Содан бері парақтай судырап 99 жыл өтіпті. Алдымызда газеттің мерейтойы. Ғани Мұратбаев іргесін қалап, қазақ жырының құлагері Ілияс Жансүгіров жауапты хатшы болған басылым Алаш тарихынан ойып тұрып орын алады.

«Жас Алаш» гезетінде Смағұл Садуақасов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов секілді ұлттың біртуарлары қызмет еткен. Бұлар тек  20 ғасырдың бірінші жартысындағы тарих. Ал екінші бөлігінде Қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің өкілдері Шерхан Мұртаза мен Оралхан Бөкей де сол басылымда қалам сілтеді. Өткен ғасырдың саяси жағдаяттарына байланысты газеттің атауы «Жас қайрат», «Жас қазақ», «Лениншіл жас» деп қаншама рет ауысқан.  Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана өзінің тарихи атауын қайтарған.

Қайрат МАТРЕКОВ, «Жас Алаш» газетінің бас редакторы:

-Жас алаш ол жастардың газеті, жалынды газет. Солай болып қалыптасты. Енді 100 жылдық мерейтойы келе жатыр. Жас алаш ұлттың газеті, халықтың сөзін сөйлейді. Ол әрқашанда елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар