ТАЛҒАМҒА САЙ ТОҢДАР

17:20, 5 қыркүйек 2019

Қыз мезгілі де жақындап қалды. Сондықтан тон сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Қарағанды қаласы «Грандстор 2» сауда үйінде күзен тондарының 5000 – нан аса түрі ұсынылған. Қарағандылықтар сәннің үлгісіне орай кез келгенін таңдауына болады. Бағасы сұранысына сай

Мутон пальтолардың алуан түрлілігі тұтынушының назарын аудартады. Мұнда  олардың жүздеген үлгісі сауда сөресіне ілінген. Өнімдер австралиялық қой терісінен тігілген.  Көздің жауын алатын тондар сапалы тігілген.

Ирина РУБАН, аға сатушы:

-Өте сапалы тондар. Әр тауарда өндірушінің штрих-коды белгіленген. Мұнда жастарға , үлкендерге де тондардың түрлері қарастырылған.

Айман Хатыбаева күзен тонын алуға келген. Алайда, мутон тондарын киіп көргенде ойы бірден өзгерген.

Айман ҚАТЫБАЕВА, тұтынушы:

-Менің таңдауымдағы тон әдемі, әрі жеңіл болса деп ойлап едім. Жеңі мен жағасында да үйлеімділік болса және жеңіл болғаны маңызды.

Қысқы киімдердің көрмесінде әр түрдегі сильде тондарды таңдап алуға болады. Классикадан бастап көлік жүргізетін әйелдерге нұсқалары да осында. Ал, талғамы жоғары қарағандылықтар үшін түрлі – түстегі тондардың түрлері сатылымға қойылған. Саудаға 40-тан 72 ші өлшемге дейінгі сырт киімдер әкелінген.

Альмира СЕКЕЕВА, сатушы – кеңесші:

-Біз тондардың алуан түрлерін алып келдік. Оның ішінде финдық, ауғандық каракүл және австарлияның тондары да бар. Сонымен қатар, түлкі, оның ішіндже арктикалық түлкінің терісінен тігілген тондар бар.

Ерекше сәнді эксклюзивті тондар 40 пайыз жеңілдікпен сатылып жатыр.  Ресейдің «Союз меха» компаниясы қыс қарсаңында қыз-келіншектерге осындай тарту жасауды ұйғарған. Көрмеде ішіктер мен тондардың 5000-на аса түрі қойылып отыр. Бағасы 200 мыңнан бастап 2 миллионға теңге аралығында. Ал ақысын бөліп төлеушілер үшін жеңілдіктер көрсетіледі.

Жәрмеңке  30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. Бұхар-Жырау 86/7 «Гранстор 2»В сауда үйі, екінші қабатына келіп, таңдауларыңызды жасауға болады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар