ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС

17:10, 22 қазан 2019

Қаладағы кір-қожалақ қоғамдық көліктер және жүру кестелерінің сақталмауы, кондукторлар мен жүргізушілердің дөрекілік мінез танытуы, шымбайға батқан шындық.Олар жайында түсіп жатқан шағымдар шаш етектен. Қоғамдық көлік тасымалының мәселесі қала билігінде өткен кезекті аппарат мәжілісінде қаралды.Автопарк қожайындарының атына тағы қандай сын-пікірлер айтылды?

Енді Қарағанды қаласындағы қоғамдық көлік және коммуналдық шаруашылық мәселесімен Әлібек Дүйсембеков айналысатын болады.Бүгін оны шаһар басшысы Нұрлан Әубәкіров аппарат мәжілісіне қатысушыларға таныстырып, бірқатар міндеттер жүктеді.

Енді күрделі салаға жауап беру жаңа басшыға жүктелді.Түсіп жатқан шағымдар көп, жұмыста сапа және жауапкершілік жоқ. Соңғы уақыттарда әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында осы саланың жұмысына деген наразылық жиілеп кетті.

Әлібек ДҮЙСЕМБЕКОВ, Қарағанды қалалық КШЖК автомобтиль жолдары  бөлімінің жетекшісі:

- Жолаушылар тарапынан шағымдар көптеп түсуде. Жылжымалы көліктің жылдамдығы шамадан тыс артуы, жүргізушілер мен кондукторлардың дөрекілігі жолаушылар наразылығын тудырған. Мұндай өрескел қателітерге қытайдың №02, 29 бағыттарына қатынайтын «Шаоулин» шағын автобустарында жол берілген.

Нұрлан Ерікбайұлы қалалық қоғамдық көлік тасымалдаушылар тарапына түсіп жатқан шағымдардың орынды екенін айтты. Өкініштісі, әкімдік пен осы саланың арасындағы қол қойылған меморандумның орындалмай отырғанына шаһар басшысы алаңдаулы. 

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

  -Негізгі мақсат пен міндет, біз қоғамдық көліктер тасымалын дұрыс жолға қоюымыз қажет. Нақты жүру кестесін белгілеп, олардың жүру уақытын қадағалау керек. Және ол, сақталуы тиіс.

Пришахтинскілік тұрғындардан шағымдар көп түскен.Қала орталығынан олар кешкілік уақытта қайта алмайтын халге жеткен. Оның басты себебі,қоғамдық көліктердің белгіленген кестеден ерте тоқтауы. Осындай жағдай басқа да тасымалдаушылар тарапынан кезіккен.  

Нұрлан ӘУБӘКІРОВ, Қарағанды қаласының әкімі:

-Кестенің сақталмауына байланысты Пришахтинскіде айып пұл салу көзделген. Мысалға, тасымалдаушы 20 миллион теңгеге субсидия алып,оны орындамаса қалай болады, деген орынды сұрақ туады. Оларға алғашқыда 1миллион, екінші рет қайталанса 2 миллион теңге айып салу қажет. Сонда ғана тасымалдаушы тарапынан қадағалдау болады деп ойлаймын.

Қарағанды қаласының әкімі автопарк жетекшілеріне көліктерді жанарту мәселелерін қадап, тапсырды.Ол, барлық талапқа сай келуі тиіс -деп, қорытты өз ойын Нұрлан Әубәкіров. Сондай-ақ, жүргізушілер мен кондукторлар жолаушылар мен мәдениетті түрде сөйлесу қажет дегенді-айтты, қала әкімі кезекті өткен аппарат мәжілісіндегі отырыста. 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар