ТАЛАНТТЫ ТҮЛЕК ТОП ЖАРДЫ

13:57, 29 маусым 2020

Қарағандылық түлек Балнұр Төленова төрт америкалық жоғарғы оқу орынына оқуға түсуге шақырту алды. Балнұр халықаралық емтихандарды оныншы сыныпты оқып жүрген уақытта тапсырып, өз нәтижелерін әлемнің түрлі университеттерінің жалпы базасына жіберген

Балнұр Төленова- Нығмет Нұрмақов атындағы  дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының түлегі. Білімге құштар Балнұр бүгінде бес тілді жетік меңгерген. Атап айтқанда орыс,қазақ, француз, ағылшын және түрік тілдері.

Балнұр ТӨЛЕНОВА, мектеп түлегі:

ен, универтситетке түскеніме өте қуаныштымын. Сонымен қатар мен мектепке және өзімнің ата-аналарыма үлкен рахметімді айтамын. Себебі олар берген мотивациясының, үлкен үмітінің арқасында мен осындай жетістіктерге ие болып отырмын.

Мектеп қабырғасын тәмәмдаған Балнұр Төленова  Америка құрама штаттарында білім алуды жөн көрген.  Сол себепті ағылшын тіліне ерекше ден қойған. Шетелдік жоғары оқу орындары студенттердің өзіндік дамуына,  ішкі сипаты мен дүниетанымына үлкен серпін береді –дейді ол.    

Балнұр ТӨЛЕНОВА, мектеп түлегі:

- Әр адам, өзінің алдына мақсат қою керек. Сол мақсатына талпынып, соған жету үшін осындай дүниелерді уақытында жасаймын деген ойда болу керек. себебі қазіргі заманда сененде басқа көп адамдар, әр түрлі нәрселермен айналысып жатыр. Мысалы курстар өтіп жатыр. Соған қарай сен көп нәрсеге ұмтылуың керексің.

Балнұр Төленованың таңдауы  Род-Айленд штатының университетіне түсті. Онда оқу ақысы жылына 800 мың долларға дейін жетеді. Бірақ сәтті тапсырған емтихандар дарынды оқушыға тегін білім алуға мүмкіндік берді.  Шет елдегі білімін жетілдіргеннен кейін ол, халықаралық компнаияларда жұмыс істеуді жоспарлап отыр.  Одан кейін қазақстанға келіп, жеке компания ашуға мүдделі.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар