ТАҒЫЛЫМДЫ КЕШ

15:48, 8 мамыр 2019

Достық үйінің «AIBYN» әскери-патриоттық тәрбие беру клубында Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған мерекелік шара өтті.Оны «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды

Келелі кездесуге  Ұлы Отан және Ауған соғысы мен Тыл ардагерлері қатысты.Шарада, этно-мәдени бірлестік өкілдері, мектеп оқушылары, студенттер және «Жас сарбаз» республикалық балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы аймақтық бөлімшесінің мүшелері келді.. «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ерлан Құсайын шараның маңыздылығына айрықша тоқталды

Ерлан ҚҰСАЙЫН, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

-Барша қатысушы ардагерлер мен қатысушы қонақтарды құттықтаймын.Шара өте маңызды.Өйткені жас ұрпақ бейбіт күнге қалай қол жеткізгенін білуі керек.

Аға ұрпақ сол бір сұрапыл соғыс жылдардағы  бастан өткен қиындықтарын айтып, өз ойлары мен бөлісті.Майдангерлер жеңістің  оңайлықпен келмегенін айтты.Сұрапыл соғыс  жылдарда тыл еңбеккерлері де жеңісті жақындатуға зор үлес қосты.  Олардың қатарында ардагер Бекет Қабдұловта болды

Бекет ҚАБДҰЛОВ, тыл ардагері:

-Тылда еңбек еттік.Күн -түн деп қараған жоқпыз.Сондықтан енді соғыс болмасын деп, тілейік.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі; табыс пен тұрмыс сапасын арттыру туралы» Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басты бағыттардың бірі бойынша облыстық Ассамблея, «Қарағанды облысының білім басқармасы»және облыстық Қорғаныс істері департаменті мен бірлесіп,Достық үйінде «Айбын»әскери-патриоттық тәрбие беру клубын құрған

Майра ӘБДІРАХМАНОВА, облыстық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының  төрайымы:

-Шараның мақсаты зор.Біз ардагерлерімізді ардақтап,батырларымызды ұлықтауымыз қажет.Сондықтан «Жас ұлан» ұйымының алдында ауқымды міндеттер тұр.

Ардагерлермен болған келелі кездесуге қаламыздағы №76-шы,Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп пен №77мектептің жас ұландары мен кадет сыныбының оқушылары да қатысып,өз ойларын ортаға салды. Патриоттық әндерді шырқады

Бибігүл ӘБДІҒАСЫР, №76 Әлихан Бөкейхан атындағы мектептің «Жас ұлан» ұйымының ұланбасы:

-Біз осы кездесуден жақсы әсер алдық.Соғыс ардагерлерінің бастан өткерген қиындықтарынан құлағдар болдық.Енді аспанды бұлт торламаса екен.Біз бейбіт күннің жарқын болашағын бірге қалаймыз.

Жас сарбаздар аталары секілді  қайсарлық пен Отанға деген сүйіспеншілктің үлгісін көрсетеміз деп тарқасты

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар