ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ –ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ

15:28, 21 қыркүйек 2020

Облысымызда «Бүкіләлемдік тазалық күніне» орай «BIRGE-TAZA QAZAQSTAN» акциясы шеңберінде сенбілік өтті.Тазалық шарасына аймақ билігі мен волонтерлар, мемлекеттік орган қызметкерлері және жергілікті тұрғындар қатысты.Ауқымды акцияның нәтижесінде өңірдің ең көп ластанған аумақтары тазартылып,тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталды.Аталмыш шараның өтуіне облыстық экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы ұйытқы болды

«Бүкіләлемдік тазалық күні»аясында «BIRGE-TAZA QAZAQSTAN» акциясы шеңберінде бастау алған сенбілікте қарағандылықтар барынша белсенділік танытты.Бұл күні игілікті шараға облыс әкімінің орынбасары да аянбай атсалысты.Серік Шайдаров Федоров су қоймасының жағалау аумағына қарағай талын отырғызды.

Ауқымды акцияның негізгі мақсаты -адамдардың тазалықты сақтауға деген көзқарасын өзгертіп,қоршаған ортаны қорғауға бағыттау. Ал облыстық экология департаментінің басшысы, Қанат Мұсапарбеков табиғат тазалығы – халық саулығы -деп санайды.

Қанат МҰСАПАРБЕКОВ, облыстық экология департаментінің басшысы:

-Шарапатты шара ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің бастамасымен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің қолдауымен ұтымды ұйымдастырылды.Бір ғана Қарағанды қаласы бойынша   10 локацияда сенбілік сәтті жалғасын тапты.Оған мемлекеттік органдар, кәсіпорын өкілдері жастар, волонтерлар жұмылдырылды.Геопорталда былтырдан бері анықталған. Аймағымыздағы 1081 стихиялық қоқыс алаңы тазартылды.Осы негіздегі  жұмыстар алдағы уақытта жиі өткізіледі.Сондай-ақ бізде арнайы жедел-желі жұмыс істейді.

Түптеп келгенде бұл жалпыхалықтық акция ғана емес,ҚР Президентінің  халыққа арнаған Жолдауындағы тапсырмасына сай бастау алған шара.Бес жыл ішінде орман алқабында 2 мил­лиард,елді мекендерде 15 миллион ағаш отырғызылатын болады.Бұл елі­міздегі көгалдандыру ауқымын кеңейтуге септігін тигізеді -деп мемлекет басшысы маңызды құжатта айрықша атап айтқан болатын.Бағымды бастаманың айқын көрінісі ретінде  Қарағанды қаласындағы Федоров су қоймасының жағалау аумағына 50 түп қарағай  отырғызылды.Ал жалпы өңірдің қала аудандары бойынша 2000 –ға жуық көшет егілді.

Бақтияр САНБАЕВ, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары:

-Талдардың мәдениет,демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасы қарайтын болады.Олар жас көшеттерді суарып,күтіп баптайды. 

Сенбілік барысында «Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасының арнайы оқытудан өткен волонтерлері тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау ережелеріне сәйкес түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақбота АҚМАМБЕТ, «Birgemiz Taza Alem» жалпыұлттық жобасының үйлестірушісі:

-Экологиялық проблема өте өзекті болып табылады.Қоқысты қайта өңдеуге жинау.Пластик,шыны, алюминий бөлек сұрыпталады.Барлық қарағандылықтарды осы акцияға қатысуға шақырамын.Және де еліміздің гүлденуіне бірге үлес қосайық.

Тазалық шарасында аймақтың ең көп ластанған аумақтарындағы 2300 қап қоқыс жиналып,өңдеу ұйымдарына берілді.Енді қалдықтарды қайта өңдеуден түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсалатын болады.Акция шеңберінде барлық санитарлық -эпидемиологиялық талаптар сақталды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар