ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ –ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ

12:35, 28 шілде 2020

Қоқысты көбейтпей, қоршаған ортаны қорғау қажет.Осы мақсатта облыстық экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бірлесіп рейдке шықты.Табиғат жанашырлары Федеров су қоймасындағы демалушыларға тазалықты сақтауға қатысты түсіндірме шараларын жүргізді

Жуырда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым – Жомарт Тоқаев экология мәселесін жүйелі түрде шешуді тапсырған болатын. Толғақты түйткілдің түйінін тарқату бағытында тараптар дереу тиісті шараларды қолға алды.Осы мақсатта Қарағанды облыстық экология департаменті мен табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы,табиғатты қорғау полициясы мен "Қарағанды су қоймалары мекемелері бірлесіп рейд жүргізді.Сала мамандары Федеров су қоймасындағы демалушыларға қоқысты шашпай,қоршаған ортаны ластамау керектігін жан-жақты тұрғыдан түсіндірді.

Салтанат КЕНЖЕБАЕВА, облыстық экология департаменті директорының орынбасары м.а.:

-Құзырлы органдармен арнайы топ құрылған.Олардың құрамында  экологтар, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және қоғам белсендісі бар.Біздің жұмыстың басты межесі  халықты тазалық сақтауға бағыттау.

Рейд барысында экология департаментінің қызметкерлері  тұрғындарды табиғатты аялауға бірауыздан шақырды.Ал бір жағынан тексеріс шарасы халықтың экологиялық мәденитін қалыптастыруға діттейді.

Бұл күні экологтар қалалық жағажайды да айналып өтпеді.Ашық аспан астындағы демалушыларға тазалық пен тәртіп ережелері екшеп жазылған   100 жадынама парақшаларын таратты.

Мира МАХАТЧИНА, «Қарағанды су қоймалары» КМК-ның басшысы:

-Жалпы алып қарағанда адам баласы өмір сүретін ортасында  тазалық сақтауы керек.Сондықтан осы олқылықты алдын алу үшін заң тарапынан да үлкен жауапткершілік жүктелді.

Ауқымды акция аясында табиғатты қорғау полициейлері қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін, әрбір азамат жауапкершілікке тартылатынын егжей-тегжейлі ескертті. Жеке және заңды тұлғаларға  әкімшілік-құқықтық кодекстің 505 бабы бойынша 20 және 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.

Айбат МҰЗБАЙ, Қарағанды облысының эко – амбассадоры:     

- Мен Қарағанды облысы тұрғындарына  табиғатты қорғап, оны барынша сақтауға атсалысуға шақырамын.Өйткені ол өте нәзік дүние.  

Сонымен қатар ҚР экология,геология және табиғи ресурстар министрлігі заңсыз қоқыс үйінділерім күресу мақсатында жедел желіні іске қосты.Оған еліміздің кез-келген азаматы 8775-952- 49-00 ұялы телефон нөмірі арқылы хабарласып, шағымдана алады.Бүгінде аталған мәселеге қатысты Қарағанды облысы бойынша 50-ге жуық өтініш келіп түскенін айтады сала мамандары.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар