Табиғат қорғау заңнамасы күшейтілді

17:39, 21 ақпан 2018

Бұдан былай аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындары қоршаған ортаны сақтап қалу үшін арнайы талапты ұстануы қажет

Экология департаментінде өткен арнайы жиында заңға енгізілген өзгерістер туралы айтылды.  Оған облыстағы 17  кәсіпорынның өкілдері қатысты. Қарағанды облысы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп орталығы.  Аймақтың өндіріс қуаты өскен сайын, экологиясаласында біраз қиындықтар кездесуде. Сондықтан табиғат қорғау заңнамасындағы талаптар  барынша күшейтіліп отыр.Енгізілген өзгерістер оң нәтижесін бере бастады. Мәселен кәсіпорын иелері өндіріс процессін оңтайландырып, зиянды қалдықтар мөлшерін неғұрлым  азайтқан.

Қанат МҰСАПАРБЕКОВ экология департаментінің жетекшісі

Біздің облысымыз бойынша, 2016 жылы 593 мың тонна шығарылса, 2017 жылы шамамен 3 мың тоннаға дейін төмендеді. Осыған байланысты, біз жүйелі түрде жұмыс жасаймыз.

Жиынға қатысқан облыстағы 17 өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері зиянды қалдықтарды шектен асырғаны үшіноларды жауапкершілікке тарту дұрыс,-деп отыр. Алайда қалдықтарды өлшейтін нақты бір тетікжоқ,-дейді олар. Қымбат газаналитикалық кешеннің өзін барлық жерге орнату мүмкін емес екен.

Вера КУЦЕНКО  «Қарағанды Энергоцентр» ЖШС жетекші экологы

Санитарлық қорғау аймағына келетін болсақ,  Экологиялық шараларға байланысты, Министрліктер газ-аналитикалық кешендерді орналастыруды ұсынады. Санитарлық қорғау аймақтары басқа кәсіпорындармен қиылысады. Шетелдік аумақта стационарлық газ анализаторларын орнату мүмкін емес. Онымен қалай күресуге болады? Онсыз олар қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат бермейді.

Экологтар,қоршаған ортаны ластайтын  шағын және орта бизнес кәсіпорындары да  қалдықтарды жойып, қайта өңдеп шығаруға қызығушылық білдіреді ,-деп сенеді.

Райхан САЙРАНБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
16:28, 21 қыркүйек 2018
ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар