Сырт елдегі қазақтар Қарағандыда қонақта

16:41, 8 тамыз 2017

«Номад шоу» әлеуметтік жобасы аясында Франция, Голландия елдерінің нәзік жандылары атамекенге табан тіреді. Қазақ жеріне алғаш келген меймандарды қарағандылықтар ізгі ілтипатпен қарсы алды

Еуропа елінен құрлық асып келген қандастарымызды қошеметпен қарсы алған қарағандылықтар ұлттық нақыштағы ән мен биге сусындатты. Осы орайда, кең залда түрлі кескінмен көмкерілген көрмеде меймандардың атамекенмен танысуларына септігін тигізді. Голландияда ұстаздық ететін Тілек Тастемірдің бұл отанға алғашқы сапары. Ол «ЭКСПО-2017» көрмесін тегін тамашалау мүмкіндігін тудырған кәсіпкерлерге алғысы шексіз.

Тілек ТАСТЕМІР  мейман (Голландия)

Қазақстанға алғаш келіп, өте қуанып жатырмын. Ерлан ағаға рахмет. Бізді алып келген. Өзімнің қазақы салт дәстүрінде үйреніп қалдым.

«Номад шоу» әлеуметтік жобасы аясында қандастарымыз атамекенге бірнеше күнге келген. Игілікті істің басында жүрген кәсіпкер Ерлан Әшімов осыған дейін де сырт елде жүрген қазақтардың басын бірнеше рет қосқан болатын. Бүгінгі кездесу- тағылымы мол жүздесу мен тарих беттерін парақтайтын ерекше сәт -дейді, Ерлан Әшімов.

Ерлан ӘШІМОВ   шараны ұйымдастырушы

Үш жылдан бері дәстүрлі түрде өтіп келеді. Барлық шығынын өзіміз өтейміз. Қазақтың тілін, әдебиетінен алшақтатпау мақсатында өткізілген шара.

Меймандар көрме тамашалап, жергілікті жандармен емен-жарқын жүздесіп болған соң, ақ дастарханға жайғасты. Мұнда, дәстүрлі әндер шырқалып, еліміздің танымал топтары ырғақты әуенмен сусындатты. Ал, жергілікті өзге де кәсіпкерлер сырт елдегі қандастарды атамекеннің бүгіні және өткенімен таныстыруға дайынбыз деп отыр.

Алтын КАНИКАР    орталық жетекшісі

Барлық кәсіпкер ағаларға алғысым шексіз. Осылай алыс елден қазақтарды шақырып отырғандарына. Қазақ десе кімнің болмасын эүрегі соғып тұрары анық.

Азамат СЫЗДЫҚОВ  кәсіпкер

Мен өз көмегімді білдіріп, конақтарды күтіп алу шарасына катысқаныма қуаныштымы. Әр кез олардың келуіне колдау білдіріп, жағдай тудыруға дайынмын.

Алдағы екі күн ішінде меймандар кенді өлкенің күллі керемет орындарын тамашаласа, одан кейін елордада күндерін өткізбек. Мұнда оларды «ЭКСПО- 2017» көрмесіндегі түрлі шетелдік жобаларды қызықтау тамашалау мүмкіндігі туып отыр.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...