СУРЕТТЕР СЫР ШЕРТЕДІ

13:39, 4 қыркүйек 2019

Облыстық бейнелеу өнер мұражайында 65 жұмыс көрермен назарына ұсынды. Суретшілердің салған әр суреттің өз мағынасы мен мақсаты бар

Алғаш көргенде  түсініксіз болып көрінетін мазайкалар ешқандай мағынына бермейтіндей сипат танытты.  Алайда, үңігенде «әуе» кеңістігін бірден аңғаруға болады .Бұл шығарма тек  акварельге тән қасиет. Көркем  өнер мұражайында акварельдік жұмыстар көрмесі сирек өткізіледі. Бірақ, бүгінгі суретшілердің қолынан шыққан туындылар көздің жауын алды.

Назерке ЖАРТЫН, облыстық бейнелеу өнері мұражайының ғылыми қызметкері:

-Негізгі ерекшеліктері – тек сұлу бояулардан тұратын жұмыстардан орналасқан. 30-дан аса автор. ТМД және Қазақстан, соның ішінде қарағандылық авторлардың 60-дан аса жұмысы қойылған.

Акварель суреттеріне екі принцип тән - графика және кескіндеме. Біріншісімен, картиналар қағаз бен кішігірім форматта орындалады, ал екіншісінде бұл жұмыстар тек түстермен айшықталады. Көрме әр түрлі бағыттағы және жанрдағы 30-ға жуық суретшінің басын қосты. Ұсынылған картиналар 80 жылдан  бұрынғы  уақытты қамтиды.

Жұмагүл  ШІЛДЕБАЕВА, қала тұрғыны:

-Көрме өте әдемі, маған ұнады. Мына түрлі-түсті суреттер әр адамды өзіне тартып тұратын сияқты. Мұражайда жиі боламын.

Аяқталған жұмыстан бөлек, мұнда  акварельдік кескіндеме жасау процесін де көре аласыз. Мұражайда көрмеге келушілердің  көзінше суреть салынады. Яғни, жасанды емес екеніне көз жеткізуге болады. Бейнелеу өнері мұражайындағы  экспозиция 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар