СҮЙІКТІ ҚАЛАҒА ТАРТУ

13:54, 11 сәуір 2019

Ағымдағы жыл басынан бері Қарағанды облыстық өлкетану мұражайы «Сүйікті қалаға сый» акциясын өткізуде. Осы аралықта шараға бей-жай қарамаған өңір тұрғындары жаппай ХХ ғасыр қолданысында болған заттарды табыстауда. Күні кеше, музей ұжымы Ғарышкерлер күніне арнап, косманавтика саласына қатысты бұйымдарды қабылдады.

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы «Сүйікті қалаға сый» акциясын бастағалы бері, көрме бұрышындағы құнды жәдігерлер саны еселене тусуде. Мысалға, 1974-84 жылдары бірнеше ғарышкерлердің жерге қону шарасына қатысқан Виктор Иванович Лаврецкий көптеген заттарды музейге табыс етті. Оның ішінде, Попович, Артехин секілді космонавтардың өздері табыстаған почталық хаттар мен бұйымдары бар.

Виктор ЛАВРЕЦКИЙ, зейнеткер:

-Маған Жезқазған жерінде косманавтарды ғарыш айлағына қондырып, ұшыратын ұжыммен жұмыс істеу мүмкіндігі туды. Сол кезде, бір апта медициналық ме алу үшін ұшқыштар Жезқазғанда қалатын. Біразымен араласа келе, кәде сыйларын алдым. Қазір, зейнет жасына шығып, құнды бұйымдардың мұражайда сақталуын қаладым.

Акция облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қорларын жаңа жәдігерлермен   толықтыруға  мол мүмкіндік береді-дейді, музей ұжымы. Қазірдің өзінде,  «ғарыш» тақырыбы бойынша коллекциялық жәдігерлер - маркалар, пошталық конверттер, төс белгілер және естелік суреттер саны артқан. Бұл күнді Ғарышкерлер күніне арнаған мекеме басшылығы барлық тұрғындарды шараға  атсалысуға шақырады.

Меруерт ОРЫСБАЕВА, тарихи-өлкетану мұражайының бас қор сақтаушысы:

-Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша қауымға айтарым. Біздегі әрбір жәдігер, құнды мәлімет мәңгілік сақталып қалады. Өзіміздің арнайы көрме бұрыштарымызда тұратын болады. 20 ғасырдағы қолданған дүниелер тың тарихқа толы. Сондықтан, тарихи сыр шертетін ескі бұйымдарды бізге тапсыруға болады.

Осылайша, аздаған уақыт ішінде мұражай қорына бірқатар дүниелерді халық өткізіп үлгерген. Десе де, кімде-кім қолында тарихи жәдігерлерінің ұрапқтан ұрпаққа жетуін көздесе, оларға тарихи-өлкетану мұражайының есігі әрдайым ашық.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар