СУ ТАСҚЫНЫНАН САҚТАУ ШАРАЛАРЫ

15:42, 11 қазан 2018

Қарағанды қаласындағы Федров су қоймасының саяжай аумағын көктемгі су тасқының алдын алу мақсатында Соқыр өзенінде жөндеу жұмыстары жүруде. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жер қыртысы дөңгелектері орнатылып, бөгеті нығайтылып, көпір тұрғызылды

Федоров су қоймасының маңындағы саяжай аумағы  ұзақ жылдар  бойы су астында қалу қауіпінде болды. Көктем мезгілінде бұл жерді еріген қар суы  басып алатын. Тұрғындар аталған проблеманы облыс әкімі Ерлан Қошановтың  халықққа есеп беру кездесуінде жеткізген еді.  Аймақ жетекшісі жұртшылық өтінішін бақылауға алды. Өткен жылы күз айында Соқыр өзені бойында жөндеу жұмыстары басталып, өткелі мықтап бекітілді.

Маргарита КУПАВЦЕВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Көпірді биыл күзге қарай жасады. Біріншіден мықтап бегітіп,   көтеріп, жаяу жүргіншілер жолын жасады. Бұған дейін бұл жердің жағдайы сын көтермейтін. Өте қауіпті болды. 

Биыл   Соқыр өзеніндегі көпір  жаңартылды. Көлік және жаяу жүргіншілер үшін екі бағытқа  бөлінеді.  Конструкция сенімді әрі мықты. Бұған бюджеттен  қаржы кетпеген. Енді тұрғындар саяжайларына кедергісіз жететін болады.

Ескендір  ҚАБИДОЛЛА, Қарағанды қалалық көлік жолдары және жолаушылар тасымалы бөлімі жетекшісінің м.а.:

-Қосымша 2 құбыр салынды. Сонымен қатар тіреуіш қоршаулар қойылды. Бастысы біз тұрғындарға қауіпсіз болуын қадағаладық. Яғни бұл жерден өткенде халықты үрейленбеуі керек деген мақсат алдымызда тұрды.

Қауіпсіз әрі ыңғайлы болу  үшін енді  Соқыр өзенінің арнасы тазартылады. Аталған  жұмыс алдағы уақытта басталып, келесі жылы аяқталмақшы. Бұл саяжай аумағында су қауіпі мәселесі туындамайды деген сөз.   

Кұрмет ШАЙКЕНОВ, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасының бөлім  жетекшісі:

-Бол жоба бойынша осы өзеннің 5\7 км арнасы тазартылады. Ағаш ескі өскен өсімдік шөп өзен арнасын ағатын арнасына кедергі болатиын заттардың бәрі тазартылады.

Айта кету керек, Федров саяжайы аумағында тазарту жұмыстары тек 8-шы  жылдары  ғана жүргізілген.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар