СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ

14:19, 5 наурыз 2020

Күн жылынғалы бері қызыл судың тасуы мүмкін деген қаупі артты. Әсіресе, Бұқар жырау ауданына қарасты елді-мекендерде дайындық күшті жүруде. Бүгін аталмыш ауданға облыс әкімі арнайы барып, мәселенің жай-күймен танысты

Биыл: Қызылжар, Ақтөбе және Ынтымақ ауылдарын су басу қаупі бар. Қазір онда қорғаныс мақсатында арнайы құм төгілуде. Ал, Ақтөбе ауылының маңында 5,5 шақырымға созылған су қоймасы бар.

Шагурашид МАМАЛИНОВ, Бұқар жырау ауданының әкімі:

- 2017-ші жылы осы Нұра өзенін жағалай қорғаушы жал орнатқанбыз. Оның ұзындығы 1,7 шақырым ал биіктігі 2,2 метр болды. Соның нәтижесінде су басу қаупі бар көшелер қызыл судың құрсауынан аман қалды.

Өңір басшысы Ынтымақ ауылының маңындағы гидроузелге де арнайы барды. Қазір мұнда секундына 15 шаршы метр су шығарылуда. Бұл -Нұра өзенінде мұздың қалыңдығын жұқартуға мүмкіндік береді.

Қазір ауданда 540 құтқарушы мен полицей сақадай сай тұр. Бұған қоса 211 техика жасақталып, 84 су сорғыш насостар дайындалған.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар