СУ ТАПШЫЛЫҒЫНА КІМ КІНӘЛІ?

17:21, 13 тамыз 2019

Саран тұрғындары үш тәулік бойы сусыз отырды. Ауыз судың жиі сөнуін алға тартқан тұрғындар біздің арнаға шағымданған еді

Саран қаласының тұрғындары су азабын тартуда. Қыс бойы да осы мәселе орын алып келген  еді. Енді тұрғындардың жаз мезгілінде оңалар деген үміттері ақталмады.

Нарман ӘЛІБИЕВА, тұрғын:

- Ауыз судың сөнуі бізде жиі болады. Қалада тұрып, суды жинаумен күніміз өтеді.  Жұрт демалғанда су болған жоқ. Кіріміз бар жуатын. Дүкеннен су алып шаршадық.

Таисия ТИХОНОВА, тұрғын:

- Мен артық су алып үлгермедім. Жуынатын жағдай да болған жоқ. Барлық Саран қаласының тұрғындары сусыз отырды. Осы мәселе әбден қажытты.

Саран қаласының жұртшылығы су құбырларын ескіргеннің салдарынан су жиі сөнеді дейді. Раиса Бобенко түн ортасында ұйқысынан тұрып, ыдыстарын суға толтыруға мәжбүр. Себебі, ескертусіз суды өшіріп тастау бұл жерде қалыпты жағдайға айналған.

Раиса БОБЕНКО, тұрғын:

- Мен үйде отырған зейнеткермін. Суды үнемі үлкен ыдыстарға толтырып аламын. Ал, жұмыста жүргендерге қиын әрине.

Қаладағы ауыз су мәселесін жергілікті ? кімбіледі. Алайда, 60-сыншы жылдардан бері тозығына жеткен құбырларды жөнге келтіруге 1,5 мрлд қаражат керек екен. Сондықтан, Саранда судың сөнуі әзірге реттелмейді дейді.

Ольга ШОТТ, « Саран Коммунсервис» ЖСШ жетекшісі:

- Қазір құбырларды жөндеуге жобалық сметалық құжаттама дайын. Оған үкімет тарапынан жарты млрд қаражат бөлінуі тиіс. Бұл мәселені облыстық әкімшілік те біледі. Құбарлардың 80 пайызы ескірген. Бреуін жөндесең екінші жерден ақау шығады.

Енді мәселенің шешілуі уақыт еншісінде. Бұл өңірде ескірген құбырлардан бөлек, су қоймаларындағы құбырды ұрлау фактісі де тіркелуде. Айт күндері судың болмауының бірден бір себебі осы.  Ұрлық жасағандар қолға түсті, енді олардың ісімен поиция айналысады.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар