СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13:36, 7 қазан 2019

Қарағанды облысында Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасы төрт жоғарғы оқу орындарында ашылған. Қоғамдық келесім мүшелері әр оқу орындарына барып, студенттермен кездесу жүргізеді. Соның бірі Қарағанды экономикалық университетінде өтті. Аталған кездесуде талқыланатын тақырыптардың да түрі алуан. Сонымен қатар, осындай кафедра тағы екі оқу орынында ашылу болашақта көзделіп отыр

Аудиторияға жиналған үш жүзге жуық студенттер алдында қоғымдық келісім мен ұлттық бірлестік саласындағы мемлекеттік саясатқа байланысты ойлар ортаға салынды. Қазақстан республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтің жолдауынан туындаған жаңа мақсат – міндеттер де сөзге арқау болды. Осындай кафедра қатарын  болашақта «Болашақ маңызды білім беру институты» мен «Лингва» институтында ашпақ ой да жоқ емес.  Бұл жиындағы басты мақсат – жастарға ой салу. Атақты ғалымдармен жүздесу.

Ерлан ҚҰСАИНОВ, Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы:

- Осында отырған 300 студенттің отызына біз ой салып кетсек.  Бірлікке  байланысты, тұрақтылықты сақтауға байланысты. Оныңғ астарына үңіліп, соның өзі біз үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Жалпы адамның тәрбиесі, жастардың тәрбиесі бұл – нәтижесін бірден көру мүмкін емес. Бұл үлкен үздіксіз процесс. Сондықтан да мұндай кездесулердің орны ерекше деп ойлаймын. Мұны біз жиі өткізуіміз керек.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар