СПОРТШЫЛАР ҚАШЫҚТЫҚТАН ДАЙЫНДАЛУДА

15:44, 26 наурыз 2020

Қарағандылық спортшылар өз дайындықтарын қашықтықтан жүргізе бастады. Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және шайбалы хокейден олимпиадалық резервтегі мектеп оқушылары гаджеттік жүйеге көшкен. Жас хоккейшілер дайындықтарын өз жаттықтырушыларына бейне-есептер беру арқылы жіберуде. Карантин біте салысы мен олар мұз айдынына қайта оралмақ

Жас спортшылар әртүрлі жаттығулар жасап, шайбаны ұршықша иіріп әкетуде.Олар бапкердің берген тапсырмасына сәйкес, белгіленген бағдарлама бойынша үй-жағдайында өздерін шындай түсуде. «Юность-2013» командасының соңғы жаттығулары Елімізге төтенше жағдайлар   еңгізілгенге дейін болған . Қазір, мұз айдындағы барлық спорттық дайындықтар кейінге шегерілген. 

Константин СПИЦЫН, ОРБЖС мектебінің жетекшісі:

-Біз жаттығуларды тоқтататынына сенген жоқпыз.Хокейшілер мен мәнерлеп сырғанаушыларға өте қиын болды.Бапкерлердің еңбегі зая кеткен сияқты.Біздің жаттықтырушылар арнайы бағдарлама әзірледі.Балалар үйде дайындалып, өз есептерін жіберуде.

«Юность 2005 года» командасының қорғаушысы Данил Симон өзінің хоккей командасының жаттығуларын тоқтатқанына бірден  сене қойған жоқ. Олар Ресейде өтетін сайысқа дайындала бастаған.

Данил СИМОН, «Юность 2005»командасының қорғаушысы:

-Бұл маусымның жабылуы емес. Бізді алда үлкен сайыстар күтіп, тұрғанды. Короновирус індетіне  байланысты кейінге шегерілді.

Константин СПИЦЫН, ОРБЖС мектебінің жетекшісі:

-Біздің балалар Қазақстан және Ресейдегі үлкен чемпионтқа қатысқанды.Онда әдемі ойын үлгісін көрсеткенді.Оларды көптеген медальдер мен арнайы кубоктар күтіп тұрған еді.Барлығын тоқтата тұруға тура келді.Карантиннен кейін турнир қайта жалғасады деген, үміт бар.

Жас хоккейші Сергей Найман да, қашықтықтан дайындалуда.  Ол    «Юность 2013» командасының намысын қорғайды. Спортшы  дайындықтан басқа онлайндық жүйеде ағылшын тілін үйренуде.

Полина НАЙМАН, С. Найманның анасы:

-Арнайы конференция ұйымдастырылады.Кешкі сағат 19 00де, онлайндық жүйеге қосыламыз.Оқушылар да, дайындалуда.Оларға мұғалімдер тапсырма беріп,  отырады.

Облыстық білім басқармасындағылар 4-ші тоқсаннан  қашықтықтан дайындық өткізуді бастамақ.Оқушылардың көктемгі маусымдық демалыс мезгілдері 5-ші сәуірге дейін жалғасады. Қазір, мұғалімдер онлайндық жүйеде сабақтар өткізуде. Ата-аналар интернет жүйесінің  қол жетімділігін қамтамасыз етулері тиіс дейді,- ұстаздар.   

Гүлдана НҰРСҰЛТАН, облыстық білім басқармасының бөлім жетекшісі:

-Қазір қашықтықтан оқыту жүйкесі қолға алынбақ.Бастауыш сыныптар үшін онлайн транслаяция ұйымдастырады.Жоғары сыныптар үшін тапсырмалар тексеріліп, кері байланыстар орнатылады.

Хоккейшілер мен  мәнерлеп  сырғанаушылар мұз айдынсыз  дайындықты көзге елестету мүмкін, еместігін айтады, мамандар.Бірақ, споршылар бұл тығырықтан да, жол тауып шыға білуде.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар