СПОРТ-ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

16:44, 11 қазан 2018

«Жаны саудың - тәні сау». Ол үшін дұрыс тамақтанып, спортпен шұғылдану керектігін халық қалаулылары оқушыларға түсіндірді. Депутаттар мектепте өткен арнайы пікірталасқа қатысты

Денсаулықты нығайту дұрыс тамақтану мен демалуға тікелей байланысты. Бұл тақырып мектепте өткен арнайы пікірсайыста ортаға салынды. Мектеп шәкірттері өз көзқарастарын білдіру үшін  қызу сайысқа түсті.

Қаракөз  АБАЙ, №12 мектептің оқушысы:

-Мен сайысқа қатысқаныма қуаныштымын. Көптеген достар таптым.Келешекте бір-бірімізбен араласып тұратын боламыз.Таланттар өте көп.

Сөз сайысы арқылы шындық туады. Финалға қатысқан «Жас қанат» және «Нұрлы жол» командалары бұл пікірталаста бір-бірімен сөз таластырып бақты. Қаламыздағы №12-ші және 18-ші мектептің оқушылары өз тапқырлықтарын танытты.Олардың бұл сөз сайысын Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов бағалап, өз шешімін айтты

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

 -Ас адамның арқауы дейді, дана халқымыз. Сондықтан дұрыс тамақтану арқылы денсаулықты нығайтуға әбден болады.Осындай сайыстар ауадай қажет.

Мұндай пікірсайыстар жылына екі рет өтіп тұрады.Көктемгі және күзгі каникул кездерінде. Бірінші кезеңге 50 команда қатысты.

Роза ҚАЛМҰҚАНОВА, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

-Бұл сайыстарды өткізу арқылы біз таланттарды табамыз.Олар өз көзқарасарын толық білдіре алады.Әртүрлі дәйекті де дәлелді дүниелерді айтып,өз қарым-қабілеттерін көрсете алады.

Мектеп оқушылары арасында өткен пікірсайыста №18 мектептің оқушылары жүлдегер атанды.Олар қарсыластарын қызыл сөзбен қапыда қалдырды. Сайыс барсында бас жүлдеге қол жеткізіп, арнайы кубокті иеленді. Барлық пікірсайысқа қатысқан оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды 

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар