СПОРТ АЛАҢЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ

16:40, 21 қазан 2020

Спорт - денсаулық кепілі! Октябрь ауданында спорт алаңы ашылды. Бірнеше жылдан бері қураған шөптің қоршауында қалған ескі нысан, бүгінде қайта жаңартылып, тұрғындарды қуантуда.

Бірнеше жылдан бері қаңырап бос тұрған литейшик стадионы  - бүгінде спорттық ойын алаңына айналды. Стадионның аумағы кең, стандарттық өлшемге сәйкес. Бұл жерде футболмен қатар, жүгіру үшін де арнайы жолақ жолдар жасалған. Төселген жасанды газондар спортшылар үшін сапалы әрі тиімді. Алаңда 8  түрлі жаттығу орындары орнатылған.Жаңадан іске қосылған спорт алаңының ашылуына қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев келіп, ыстық лебізін білдірді. Сондай-ақ, футболшыларға естелікке ала допты табыс етті.

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ, Қарағанды қаласының әкімі:

- Бүгінгі ашылған  литейщик спорт алаңында 79-80 жылдары  КАЗСОФПРОВ клубының иегері, литейшик командасы ойнаған. Бәрімізге мәлім,Президентіміз спортты дамытуға басты басымдық беруді айтты. Оның ішінде бұқаралық спортты дамытуды айтқан болатын.

Октябрь ауданы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Олар тіпті балаларының осы алаңдағы алғашқы ойынын тамашалап үлгерді. Ал, футболды жанына серік еткен спортшылар үшін көптен күткен армандары орындалып отыр. Енді олар бұрыңғыдай қала орталығына  бармай,  өз аудандарында емін-еркін футбол ойнай алады.

 Тілеужан ҚАМЫСБАЕВ,  «Арман» аула клубының ойыншысы:

- Мен қатты қуанып тұрмын. Өзім 2-ші сыныптан футбол ойнап келемін. Біз үнемі ойнайтын алаң таба алмай қиналатынбыз. Алыс болса да қалаға барып жүрдік. Жаңа осы  Литейшик алаңындағы  алғашқы ойынымызды ойнап үлгердік. Тамаша! Өте ыңғайлы екен.

Петр АСЫЛБЕКОВ, «Шахтер» клубының жаттықтырушысы:

- Мен жаңа алаңды көріп, спортшы ретінде қуанып тұрмын. Бұрын 70 жылдары бұл жерлер қоршалып тұрған, арам шөпке толы еді. Талай жылдар бойы ойлап жүретінбіз. Дәл осы Октябрь ауданыа балалар мен жастарға ойын алаңы керек деп. Бүгін сол арманның орындалған күні. Бұл жерде енді барлық ауданаралық, облыстық, тіпті республикалық жарыстар мен турнирларды мақтанышпен өткіземіз.

Спорт алаңын ашуға бюджеттен 220 млн теңге қаржы бөлінген.

Жаннұр СҮНДЕТУЛЛАҚЫЗЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
14:01, 23 қараша 2020
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНА КЕЛДІ
Толығырақ...