«Спасск» әскери полигонының сарбаздары жарысқа қатысуға құлшынып отыр

Қарағандының әскери гарнизоны «Достық жауынгері»атты сайыста сынға түспек ниетте. Бәсі жоғары бәсекенің ақтық сыны тамыз айында Беларусь елінде өтеді. Әзірге ТМД елдерінің сайыпқырандары арасында іріктеу кезеңі жүріп жатыр

17:56, 18 мамыр 2017   88

«Астана» өңірлік қолбасшылығының сержанттары алдағы  додаға дайындықтарын бүгіннен бастап кетті.Әскерилер атқан оқтарын нысанаға дөп тигізіп ғана қоймай , тақтикалық жаттығуларын  үзбей жасауда. Жарыс ұландардың кәсіби шеберлігін дәлелдеудің таптырмас тартысы іспеттес. Сарбаздардың барлығы –дерлік бес кезеңге бөлініп ептілігі мен күштілігін сынайды. Сайысқа қатысушылар физикалық қарымын көрсетеді. Және де ерік-жігері тасыған жігіттер шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік алады.

Темірбек ХАЛЫҚОВ  ҚР Қарулы күштерінің бас сержанты

«Кавалер және сударыня» кезеңінде  әскери қызметкерлер өздерін жаңа қырынан танытады. Үміткерлер ән салып би билейді. Оғландар  қару ұстау  мен жүгірудің шебер маман ғана емес.Өңкей  шеттерінен дарынды азаматтар екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ.

Қарағанды әскери гарнизоны қызметкелерінен әріптестерінің күштері мен тәжірибелері көп. Былтыр жерлестеріміз қарсыластарынан оза шауып, бәйге алған. Ағымдағы жылы да жерге қаратпайтынына бек сенімді сержанттар.

Олжас  ЕРМЕКОВ  61993 әскери бөлімшесінің сержанты

Біздің азаматтар  мұндай бәсекелерде есесін жібермейді. Қайта мәртебесі асқақтап келеді. Ортақ міндетіміз іріктеу турында іркіліп қалмау. Әйтеуір финалға шықсақ басқаларын жолда қалдырамыз.

Оқу-жаттығу жиынында ерлермен қатар нәзікжандылар да өнер көрсетеді. Қайсар қыздар намысты қолдан бермек емес. Людмила Губарева еліміздің елеулісі. Антына адал. Ол тіпті Елбасының қолынан медаль алған.

Людмила ГУБАРЕВА  85510  әскери бөлімшесінің сержанты

Мерейім үстем болған тарихи  күнді  ұмыта алмаймын. Алған марапатымның өмірімде  орны ерекше.

Сарбаздарымызға сәттілік серік болып, жеңістің жалауын желбіретуге тілектеспіз бізде. Жалпы Қазақстандық қырандар Ресей мен Беларус елінің әскерилерін басты қарсылас санап отыр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25