СОТТАР ӘКІМШІСІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

15:56, 19 қазан 2020

Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров жұмыс сапарымен Қарағанды облысында болды. Сот қызметкерлерімен өткен кеңесте ол жаңадан тағайындалған Соттар әкімшісінің басшысы Мақсат Исинді ұжымға таныстырды.

Соттар әкімшісі қызметіне тағайындалған Мақсат Исин 1986 жылы дүниеге келген. 2007 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді  «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Мақсат Исин  Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары болды. Сот қызметкерлерінің кеңесінен соң, Наиль  Ахметзакиров пен облыстық соттың төрағасы Нұрсерік Шәріпов Теміртау, Саран қалалық және Октябрь ауданының № 2 сотында да болып, олардың карантиндік шаралар шеңберінде атқарып жатқан жұмыстарымен егжей-тегжейлі танысты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар