Соңғы жылдары Шет ауданының орталығы тарихи ескерткіштермен толығуда

17:31, 31 тамыз 2016

Ата заң күнінде өлкеде саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарына арналып, мемориалды тақта орнатылды. Боздақтарды еске алу шарасына абыз ақсақалдар мен қаламгерлер, билік өкілдері қатысты.

Жиналған жұртқа  әуелі 1937 жылдары  «халық жауы» деген жаламен атылған, аштық жылдарының құрбаны болған  бабаларымыз  жөнінде деректі фильм ұсынылды. Нәубет көріп, запыран жұтқан боздақтардың  қилы өмірі  көрерменнің көзіне жас үйірлітті. Ал жазушы Кәмел Жүністегі қуғын –сүргін жылдары  сан мыңдаған  адамның ажал құшқанын көздерімен көрген  жандардың егіле айтқанын өз ауыздарынан естіпті.

Таза граниттен құйылып тұрғызылған тастың биіктігі  8метр.Мемориалдың төбесінде  жайылған қолдың символы бейнеленіпті.  Оның астына шаңырақ қойылған. Ырымға сәйкес ол  шаңырағамыз шайқалмасын деген ниетті білдіріп тұр.Шынжырланған білек жазықсыз тұтқындалған, оққаұшып опат болған  азаматтарды  еске түсіреді.

Саяси қуғын сүргін құрбандары жатқан қорымның 300 метрден астам аумағы темір шарқбақпен қоршалыпты.  Маңайына қарағай отырғызылып, орындықтар орнатылған.  Мақсатты жұмысқа аудандық бюджеттен 7 миллион теңге бөлініпті.

Мемориалды тақта ашылғаннан кейін құран хатым түсіріліп, марқұмдардың рухына бағышталды. Қазыналы қариялар мен ұлт руханиятының жанашырлары ескеркіштің алдына гүл шоқтарын қойды.  Өлі разы болмай тірі байымайды деген аудан әлеуметі осылайша сауапты іс тындырды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар