СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ...

17:45, 25 мамыр 2020

COVID-19-дың қолбайлау болар кедергілері азаймай тұр. Осыған байланысты бүгін өтуі тиіс, соңғы қоңырау шарасы 3 және 4 маусым күндеріне ауыстырылды. Түлектер асыға күтетін бұл мереке биыл қандай жағдайда өтпек?

Биылғы жылы аймағымызда жалпы саны жеті жарым мыңнан астам түлек, мектеп қабырғасынан түлеп ұшпақ. Оның үш жүз жетпіс төрті «алтын белгіге», ал, үш жүз жиырма екісі озат оқушы марапатынан үміткер. Дегенмен, кейінгі үш ай оқушылар мен ұстаздар үшін оңайға соқпағаны анық.

Гүлдана НҰРСҰЛТАН, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Соңғы қоңырау шарасын өткізуге арналған қажетті кесте құрылған. Барлық сыныптардың мерекелік жиыны сол кестеге сәйкес өтетін болады. Әрқайсының уақыты бір сағаттан аспайды.  Оның қырық минуты салтанатты шараның негізгі бөліміне, ал қалған жиырма минуты мектеп ауласына ағаш отырғызуға арналады.

Гүлдана НҰРСҰЛТАН, облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

Қабылданған шаралардың барлығы түлектер мен ұстаздардың және ата-аналардың жеке бас қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін атап айтқан жөн.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар