СМАРТ МЕДИЦИНА ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ

21:24, 13 сәуір 2018

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында медицина жазбалары мен журналдардың 25 түрі сандық жүйеге көшірілген

Бұл SMART медицина денсаулық сақтау жүйесінде жаңа тәсілдерді енгізу арқылы мүмкін болып отыр.Ол жайында орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте мәлім болды. Ақылды медицина тағы да, қандай мәселелерді шешуге қауқарлы? Медициналық қызмет көрсету ауқымын кенейту және сапасын жақсарту өзекті мәселесінің бірі. Медициналық қызметтің жұртшылық үшін қол жетімділігі де артып келеді.Бұл озық технологиялар жемісі. Қарағанды ​​облысында Smart City жобасы аясында бірыңғай медициналық ақпараттық жүйе енгізілген. Барлық мемлекеттік және жеке меншік денсаулық сақтау ұйымдарының 95%   көрсеткен   қызметтеріне кепілдік бере алады. Бірегей жүйенің бағыттарының бірі - кезексіз  емхана қызметі. Яғни, келешекте  ұзын сонар кезек болмайды. Осы тәсіл арқылы биыл  100-ден астам науқас  дәрігер қабылдауына  жазылған.

Асқар ХОРОШАШ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Қазір бізде қатерлі ісік ауруларын ерте анықтау бойынша белсенді бағдарлама жұмыс істейді. Яғни, науқастардың рентген сәулесіндегі түсірілген ішкі органдарының көрінісі осы жүйеде пайда болады. Егер бұрын бұл түсірілген қорытындыны тек қана емдеуші емхана дәрігері көрсе, енді оның сандық жүйедегі түсірілген нұсқасын түберкүлез ауруына қарсы диспансекр мамандары да  қайта қарап, тексере алу мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Қарағанды ​​облысы сандық  технологияларды еңгізуде көш бастап тұр. Біздің аймақтың тәжірибесіне Қазақстанның басқа да өңірлері қызығушылық танытуда. Сандық жүйеге көшу нәтижесінде «Дамумед» қосымшасы әзірленген. Оны аймақтың 125 мың тұрғыны пайдаланады. Бұл  қажетті дәрігерлерді тезірек табуға көмектеседі және оның жұмыс кестесін де  анықтайды екен.

Асқар ХОРОШАШ облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Өткен жылы төрт негізгі санат бойынша,жедел жәрдем қызметін пайдалану жөнінде арнайы бұйрық шықты.Алғашқы үшеуі жедел түрде шақыруға жатады.Олар,инсульт, инфаркт және басқа да жүрек талмасы мен ауыратын науқастарға арналған. Төртінші санат барлық науқастарға қызмет көрсетуге бағытталған.Оны емхана мамандары өздері жіберу арқылы қызмет көрсетеді. Науқастар осы жағын ажырата білгені жөн.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары «ситуациялық орталығының» жұмысы туралы әңгімеледі. Бұл орталықтың елде теңдесі жоқ. Ол облыстың медициналық ұйымдарының қызметін бақылайды және басқарады.Денсаулық сақтау саласындағы  осы қызметті кәдеге жарату  арқылы дәрігерлердің ауылдық жерлерде бірлесіп,мамандандырылған  қызмет көрсетуге мүмкіндігі артты.   

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...