ШЫРША ТАПСЫРҒАНҒА БИЛЕТ БЕРІЛЕДІ

14:26, 10 қаңтар 2019

Қарағандыдағы хайуанттар бағы айрықша акция жариялады. Үйіңіздегі жасыл шыршаны зообаққа тапсырып,тегін кіруге билет алыңыз. Шаттықты мерекені аңдармен бірге тамашалауға мүмкіндік беретін шара туралы біздің түсіру тобымыздан естіп білейік

 

Жаңа жыл  мерекесінен кейін хайуанттар бағында  мұндай көрініс жылына бір рет ана болатыны анық. Ал  зообаққа әкелінген мына жасыл шыршаның тікендері әсіресе аюдың тілін үйіргендей. Тіпті бұл жерден қылқанжапырақтылардың хош иісі де аңқып тұр.   

Шыршаларды жинау акциясы хайуанттар бағында осымен үшінші рет өткізілуде. Бүгін маймақ аюға тордың ішінде нағыз мерекенің нышаны сезілгендей.  
Серік РЫСПЕК, Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағының бөлім меңгерушісі:
-Аңдарға барлық жағдай жасалынған. Қолымыздан келгенше оларды күтіп баптаймыз.Айталық аю  бала секілді ойнағанды жақсы көреді.Ерекшелігі тордың бұрыш-бұрышына  жейтін азығын тасиды. 
Қылқанжапырақтылармен осындағы құстар қоректенуден бөлек, өздеріне  жылы ұяда жасайды.Себебі шыршалардың сабағында жануардың ағзасына қажетті пайдалы заттар бар.

Мадина ӘШІРОВА, Қарағанды мемлекеттік хайуанаттар бағының директоры:

-Әдетте тұрғындар шыршаны  жаңа жылдың алдында, немесе өткеннен соң тапсырады.Көбінесе біз базардан әкелеміз.Айталық барлғын-дерлік   таратып тастадық. 

Биыл шыршаның ақысы ретінде  қарағандылықтарға тегін кіру билеті берілді.  Демек тұрғындардың жануарлармен тіршілік ортасымен танысуға   тағы бір  мүмкіндік туып тұр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ 

#qaztrk #qaztrkaimaq #news #qaraqandy  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар