ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ

13:34, 7 қараша 2019

Талантты балғындар тамылжыта ән шырқап, мың бұрала биледі. Осакаров ауданында мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық байқауы шымылдығын түрді. Ерекше жаратылған балалар көрерменді өнерімен тәнті етті

Осакаров ауданындағы шығармашылық фестивальге келген көпшілік алдымен айрықша көрмені тамашалады.Мәселен мына қолғапты мүмкіндігі шектеулі,ерекше жаратылған балғындар тіккен.Бұл бір жағынан қара жұмыс жасағанда ыңғайлы, әрі жұқа.Оң қолы оймақ балалар тіпті  шыршаның ойыншықтарын да өздері ойластырып  жасаған екен.

Жалпы Осакаров ауданында мүмкіндігі шектеулі  104 бала бар.Жыл сайын олар шығармашылық фестивальді асыға күтетінін айтады ұйымдастырушылар. Себебі  мұндай байқаулар  жасөспірімдердің жаңа қырынан танылуына жол ашады.

Айгүл ТӨЛЕУОВА, әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімінің маманы:

-Жас жеткіншектердің біреуі ән салады, басқалары билей алады. Сондықтан біз дарынды жасөспірімдерді үлкен сахналарға шығаруға барынша тырысамыз. Сондай-ақ жетістіктерге қанаттандыру үшін   танымал өнер жұлдыздарын шақырамыз.

Өткен жылы фестивальге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева мен Тамара Асар арнайы келген болатын. Ал биыл талантты балғындарға әнші Нұрай Мықты мен Мұхамедәли Жүгінісов және Африкалық «Бонито» тобы зор қолдау білдірді.

Өн бойына өнер қонақтаған Мадияр Мүслимов бос уақытында би билегенді ұнатады. Оның әнді жанына серік еткеніне бірнеше жылдың жүзі болған. Бұдан бөлек  қиялы ұшқыр бозбала қолөнер бұйымдарын шебер жасайды.

Жаңыл МҮСЛИМОВА, Мадиярдың анасы:

-Жылда осы шығармашылық фестивальдан кейін ұлым жақсы әсерде болады. Үйге қуанышты көңіл күйде келеді. Жақсы әсерде болып қайтады. Көпшілікті жақсы көреді.

Айта кету керек, бұл шығармашылық фестиваль "Рухани Жаңғыру" бағдарламасы аясында жетінші рет өткізілуде.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар