ШОМЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ

16:59, 21 мамыр 2020

Өңірде суға шомылу маусымына дайындық басталып кетті. Биылғы жылы суға түсу кезеңі 1-маусымда ашылады деп жоспарлануда. Осыған орай, ТЖ департаменті оқыс оқиғалардың алдын-алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізде

Жаз айларының аптап ыстығында бос уақытын жағалауда өткізгізетіндердің қарасы қалың болары сөзсіз.  Алайда, әрбір демалушы қауіпсіздік шарасын қаперде ұстағаны абзал.   Осы орайда, ТЖ департаменті  оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін мықтап дайындалуда.  Шомылу маусымында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады. Құтқару жасағы  аймағымыздағы су  айдындарының түбін тексеріп,  әр түрлі қалдықттарды тазалай бастады.   

Азамат СЕРІКХАН, тілші:

- Қазір құтқару жасағы Фёдров су қоймасындағы жағдайды барлап, тазалық жұмыстарын жүргізуде. Ал суға шомылу маусымы басталғанда демалушылардың бас амандығы осы жедел құтқару тобының жіті назарында  болады.

Облыс бойынша суға шомылуға арналған 83 арнайы орын бектілді. Ал, 271 су айдынына шомылуға рұқсат жоқ.  Қауіпсіздік қағидаларын сақтамау салдарынан  жазатайым оқиғаларға ұшырасып жатқандардың дені рұқсат етілмеген орындарда болып отыр. Бұдан бөлек, алкагольдік өнімдерді тұтынғандар да жиі кездеседі..

Мұрат ҚАТПАНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Былтырғы  жылы 38 оқиға болған. Бірақ ол нақты судағы болған жағдай. Оның ішінде тек, шомылу кезіндегі оқиғалардың саны 18.   Себебі суда шомылуға арналмаған жерлерде демалуы. 

Ережелерді елемей, талаптарды ескермегендерге ҚР құқықбұзу шылық кодексінің 364 бабына сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.   Айта кетейік, суға шомылу, әдеттегідей  маусымның 1-нен басталады.

Мұрат ҚАТПАНОВ, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Әр түрлі насихат жұмысын жүргізіп жатырмыз.  Айтылған жоспарға сәйкес.  Оның ішінде барлық жұмыстар қамтылған.  Жоспармен бекітілген шараларды іске асыратын болсақ, мүлдем оқыс оқиғалар болмайды деп есептейміз.  Өйткені әрбір адамның қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарайтын болсақ ондай оқиғалар болмайды.

«Сақтансаң ғана, сақтайды».- дейді халқымыз. Сондықтан, құтқарушылар арнайы белгіленген жерлерде ғана суға түсуге және қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап жүруге шақырды.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар