Шет ауданында жас кәсіпкерлер саны артуда

17:01, 4 қыркүйек 2017

Бүгінде өз ісін ашып, жемісті жұмыс жасап жатқан 50 жас буын өкілі бар. Олар мемлекет көмегінің арқасында пайда тауып, жаңа жұмыс орындарын да ашқан. Биыл айбатты да қайратты ұландар 10 жаңа дүкен салып, бизнестерін дамытпақшы

Жас кәсіпкер Ғазиз Әміров  биыл кірпіш шығаратын зауыт ашты. 6 ай бұрын қажетті құрылғыларды сатып алып, іске кірісіп кеткен. Шағын бизнес ашылғанан 16 адам жаңа жұмыс орнын тапты. Мұнда күніне 560 дана кірпіш өндіріледі екен. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА,  тілші

Кірпіш дайындау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен мына бөшкеге 200 литр сумен 1,5 литр пена құйылады. Артынша 300 келі құммен цемент салынады. Кейін мына тетікті бассаңыз болды, айналып саз кейіпке енеді.

Құм-саздан дайындалған материалдар мынандай қалыптарға құйылып, кем дегенде 6 сағат далада кебуі қажет. Қазір өнімдерге тұрғындар тарапынан  сұраныс арта түскен. Жуырда кәсіпкер қаңылтыр кесіп, өндіретін тағы бір құрылғы сатып алған. Айтуынша жаңа заманғы аппараттың әлеуеті жоғары. 

Ғазиз ӘМІРОВ жас кәсіпкер

Бұл құрылғы Қытай елінен 7 млнға алынды. Ерекшелігі бүкіл провлистты кез-келген қалыңдықта шығарады. Бұған қажетті материалдарды «Арселлор Миттал Теміртау» кәсіпорнынан келісім шартқа отырып аламыз.

Ал тағы бір жас кәсіпкер-Бексұлтан Ахтаев «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы былтыр тұрмыстық техникалар сататын дүкен ашты. Бастапқыда  компьютер, принтер, теледидарды сатылымға шығарған еді. Жуырда сауда орталығының ішінен тағы бір бөлме салып, тоңазытқыш, жылытқыш тәрізді тұрмыстық технкалар қатарын көбейткен. Сөрелердегі заттар Қытай және Ресей елдерінің өнімдері. 

Бексұлтан Ахтаев жас кәсіпкер

Қазіргі таңда өте-мөте жақсы. Өйткені мұндай дүкен Шет ауданында біреу, сондықтан сұраныс жоғары. Тіптен арнайы тапсырыс беріп жататындар да бар. Бағасы қымбат емес. Келешекте Қарағанды қаласына шалғайда жатқан Ақтоғай ауданынан осындай дүкен ашқымыз келеді. 

Шет ауданы «Нәтижелі жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасымен» жұмысты қауырт бастап кетті. Жаңа жоба аясында қазір ауданның жас кәсіпкерлері оқу курстарынан өтіп жатыр. Тың бастама арқасында 100 деген азамат бизнес саласының қыр-сырын меңгермек.

Аян Кәрібеков Шет аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Қазір біздің ауылымызда бизнес бастау бойынша 1 айлық курстар жүргізілуде. Осы 1 айлық курс Ағадыр кентінде де жалғасатын болады. Елбасы тапсырмасы бойынша ішкі өнімнің шағын және орта бизнесті дамытуға Шет ауданы өз үлесін қосады деген ойдамыз.

Алдағы уақытта аталмыш бағдарлама аясында Ақсу Аюлы кентінде ауқымды сауда орталығы ашылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауылдарда қоғамдық моншалар мен жаңа дүкендер  салынып, халық игіліне берілмекші.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар