ШЕТ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӘКІМ

17:20, 5 наурыз 2020

Шет ауданына жаңа әкім тағайындалды. Лауазымды орынға 46 жастағы Мұхит Мұхтаров лайық деп танылды

Аудандық мәслихат депутаттары кезектен тыс сессияда аудан әкіміне ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Мұхит Мұқтаров -мемлекеттік қызметке сонау 1997 жылдары келген. Еңбек жолын осы өңірде қарапайым маман ретінде бастап, Шет ауданы әкімінің орынбасарына дейін көтерілген.  Жаңа басшыны Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек таныстырды.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Шет ауданының әкімін тағайындау мәселесін біз мұқият қарадық. Осы лауазымға бірнеше кандидатура ұсынылды. Соның ішінде Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған Мұхит Мұхтаров кандидатурасына тоқтадық. Оның тағайындалуы ҚР Президент әкімшілігімен келісілді.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар