Шет ауданында мерейтойлық жылы 20 әлеуметтік маңызды нысан ашылыпты

16:46, 16 желтоқсан 2016

Бұл 6 дәрігерлік амбулатория, дүкен, наубайхана, сауықтыру орталығы тәрізді ғимараттар. Бой көтеріп, өңірдің көркіне рең қосып, халық игіліне берілген нысандардың жұмысын Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов көріп шықты

Меркеке күні тұрмыстық техникалар сататын «Нұржол» дүкені өз жұмысын бастады. Осындай бірегей сауда орталығы Шет ауданы бойынша бірінші болып ашылды. Мұнда компьютер, принтер, тоңазытқыш, жылытқыш пеш, тәрізді тұрмыстық техникалар сатылады. Құнын қолжетімді бағада ұсынып отыр.   Жас кәсіпкер Бексұлтан Ахтаев бұл жобаға 15  млн теңге қаржысын жұмсаған. 

Ал Тәуелсіздікке тарту ретінде «Жанболат» жеке кәсіпкерлігі ашқан  наубайхана жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Қазір күніне 500  бөлке нан пісіріліп, Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарына сатуда. Бұдан бөлек тәтті тоқаштарда дайындалады. Жаңа наубайхананың ашылуымен 4  адам еңбекке жұмылдырылған. Келешекте кәсіпкер бизнесін одан әрі кеңейтпекші. 

Шет ауданы Алмалы кен орнында «Катодтық мыс өндіру заводының» құрылысы тәрізді ауқымды жобаны да 2016 шы мерейтойлық жылы  бастады.

Биыл Шет ауданы бойынша 20 млн-ға 4 бизнес өз жұмысын бастапты. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдау арқасында дүкен, наубайхана, сүт қабылдау пункті, сауықтыру орталықтарын ашуға мүмкіндік алған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар