Шет ауданында «Қымыз дертке дауа жанға шипа» атты фестиваль өтті

14:10, 17 маусым 2016

Желіге құлын байлап, бие сауған қазақтың қымызға қатысты өзіндік игі дәстүрлері бар. Солардың бірі- қымызмұрындық мерекесі.

«Қымыз дертке дауа жанға шипа» тақырыбында өткен фестиваль шағын шығармашылық кешпен ашылды.  Мерекелік шара барысында аудан әкімі халықты айтулы күнмен құттықтап, тұрғындар қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар алды.Жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, қымызмұрындық әнін шырқады.

Ұлттық тағам, ұлттық ойындарды басты назарға алған шара  кімді болмасын қызықтырмай қоймады. Аудандық  демалыс саябағында ұйымдастырылған мерекеде жұрттың қарасы қалың болды. Мерекелік шарадан соң тұрғындар саябақта қаз қатар тізілген қымыз құюшыларға қарай ағылды. Қымыз десе тәбеті ашылатын жандар ұлттық сусынды кезек кезек сілтеп жатты. 

Мерекеде  үш сағат ішінде 600 литрден астам қымыз ішілді. Ұлттық мерекені ұлықтап, көппен көрген ұлы тойда 90-ға төрлеген қарт әжелеріміз бен ақсақалдарымыз ақ батасын төгіп жатты.

Мерекедеауданның қы­мыз дайындаушылары саябақта арнайы киіз үйлер тігіп, келушілерге қызмет көрсетуден аянып қалмады. Киіз үйде қы­мыз­мұрындықтың тарихы, қымызға қатысты басқа да қызықты деректер айтылды. Мерекеге қатысқан әр ауыл 200 литрден қымыз алып келген. Қымызға сусын қандырған  ағайын спорттық ойындарда да қарап қалмады. Әкімдік қызметкерлері мен ауыл жастары арқан тартыс сайысына түсіп өзара кім мықтыны анықтады. 

Сонымен қатар, асық ату сайысы да жоғары деңгейде өтті. Жастайынан асықты  ұршықша  иіретін 9 жасар Нұрсұлтан Кәкеновтің асығы бұл жолы да алшысынан түсті. Қымызмұрындықта асық ату сайысы өтеді дегенді естіп келген балғынның осыған дейінгі жетістігі де жаман емес. Үш дүркін облыс чемпионы атанған ол сол жетсітігін тағы да қайталады.

Спорттық сайыстар кір тасын көтеру, қой көтеру секілді қара күш иелерінің өнерлерімен жалғасты. Саябақта май, ірімшік, құрт, қаймақ саудаланған  ауыл жәрмеңкесіде өтіп, ел өзіне керегін алып жатты. Шараның өтуіне ұйытқы болған Ертай Жәнібековтің еңбегі орасан. Ол, ЮСАИД компаниясының 2000 доллар грантын жеңіп алып, 400 литр қымызды халыққа тегін ұсынып отыр.

Шыныменде, ауданда бүгінгі таңда 38 мың жылқы бар болса соның тек 400ге жуығы ғана сауылатын көрінеді. жергілікті мамандар бие бауды биеге  толтыруға күш саламыз деп отыр. Ал, ауданда 26жыл бұрын алғаш рет тойланған қымызмұрындық ақсу аюлылықтардың дәстүрлі мерекесіне айнала берері сөзсіз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ «Қымыз дертке дауа жанға шипа» тақырыбында өткен фестиваль шағын шығармашылық кешпен ашылды.  Мерекелік шара барысында аудан әкімі халықты айтулы күнмен құттықтап, тұрғындар қымыздың тарихы мен пайдасы туралы мол мағлұматтар алды.Жергілікті өнерпаздар жырдан шашу шашып, қымызмұрындық әнін шырқады.

Ұлттық тағам, ұлттық ойындарды басты назарға алған шара  кімді болмасын қызықтырмай қоймады. Аудандық  демалыс саябағында ұйымдастырылған мерекеде жұрттың қарасы қалың болды. Мерекелік шарадан соң тұрғындар саябақта қаз қатар тізілген қымыз құюшыларға қарай ағылды. Қымыз десе тәбеті ашылатын жандар ұлттық сусынды кезек кезек сілтеп жатты. 

Мерекеде  үш сағат ішінде 600 литрден астам қымыз ішілді. Ұлттық мерекені ұлықтап, көппен көрген ұлы тойда 90-ға төрлеген қарт әжелеріміз бен ақсақалдарымыз ақ батасын төгіп жатты.

Мерекедеауданның қы­мыз дайындаушылары саябақта арнайы киіз үйлер тігіп, келушілерге қызмет көрсетуден аянып қалмады. Киіз үйде қы­мыз­мұрындықтың тарихы, қымызға қатысты басқа да қызықты деректер айтылды. Мерекеге қатысқан әр ауыл 200 литрден қымыз алып келген. Қымызға сусын қандырған  ағайын спорттық ойындарда да қарап қалмады. Әкімдік қызметкерлері мен ауыл жастары арқан тартыс сайысына түсіп өзара кім мықтыны анықтады. 

Сонымен қатар, асық ату сайысы да жоғары деңгейде өтті. Жастайынан асықты  ұршықша  иіретін 9 жасар Нұрсұлтан Кәкеновтің асығы бұл жолы да алшысынан түсті. Қымызмұрындықта асық ату сайысы өтеді дегенді естіп келген балғынның осыған дейінгі жетістігі де жаман емес. Үш дүркін облыс чемпионы атанған ол сол жетсітігін тағы да қайталады.

Спорттық сайыстар кір тасын көтеру, қой көтеру секілді қара күш иелерінің өнерлерімен жалғасты. Саябақта май, ірімшік, құрт, қаймақ саудаланған  ауыл жәрмеңкесіде өтіп, ел өзіне керегін алып жатты. Шараның өтуіне ұйытқы болған Ертай Жәнібековтің еңбегі орасан. Ол, ЮСАИД компаниясының 2000 доллар грантын жеңіп алып, 400 литр қымызды халыққа тегін ұсынып отыр.

Шыныменде, ауданда бүгінгі таңда 38 мың жылқы бар болса соның тек 400ге жуығы ғана сауылатын көрінеді. жергілікті мамандар бие бауды биеге  толтыруға күш саламыз деп отыр. Ал, ауданда 26жыл бұрын алғаш рет тойланған қымызмұрындық ақсу аюлылықтардың дәстүрлі мерекесіне айнала берері сөзсіз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар