
Жергілікті полиция қызметі қылмыстың алдын алу үшін әр ауылда құрылған "Сарбаз" топтарымен бірлесе жұмыс атқаруда. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Шет ауданының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап берді
Биылғы жылдың он ай қортындысы бойынша Шет ауданыны4 экономикалық көрсеткіші жақсарған. Бұл өсім әсіресе өнеркәсіп, ауылшаруашылық, құрылыс және сауда салаларында байқалған. Мәселен, өнеркәсіп өнімнің 83 пайызы тау-кен кәсіпорындарының үлесіне тиесілі.
Тек бір жылдың ішінде ауданда 67 мыңнан аса тонна сүт пен 14 тонна ет өнімі өндіріледі екен. «Береке», «Игілік» бағдарламалары бойынша тағы 50 жеке қосалқы шаруашылықтар құрылып, келер 2017 жылы көрсеткіш 10 пайызға дейін ұлғаймақ. Сондай ақ, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша биылғы жылы 400 адам жұмыспен қамтылған.
2016 жылы мектептердің материалдық – техникалық базасын нығайтуға 36 млн.теңге бөлінген. Ол былтырғы жылмен салыстарғанда 6 млн. теңгеге артық. 3 мектептің базасында ресурстық шағын мектептер жұмыс істеп жатыр. Қуантарлығы, аудан орталығы мен Ақадыр кентінде 2 әлеуметтік дәріхана ашылып, төменгі бағамен тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде.
Райхан САЙРАНБЕКҚЫЗЫ