Шет ауданында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы өз мәнінде тойлануда

19:39, 15 желтоқсан 2016

Аудан тұрғындарын мемлекеттік мейраммен құттықтауғаҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Ғабидолла Оспанқұлов Астанадан арнайы келді.Елордалық мейман әлеуметтік маңызды нысандарды да көріп шықты

Алдымен Ғабидолла Осыпанқұловқа аудан әкімдігі  «Нұрдәулет» балабақшасын көрді. 2012 жылы салынған бөбекжайға қазір 50 бала келеді. Ал Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп гимназиясы былтыр күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, бүгінде жаңаша кейіпке енген. Кейін  ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері Шет ауданының ең жасы үлкен тұрғыны, ҰОС ардагері 103 жастағы  Мұқажан Ақажановтің шаңырағына барып, тарту таралғыларын ұсынды,  ақсақалдың ақ батасын алды.

Мерекелік күнгі  салтанатты шарада ел ағалары

сөз сөйлеп, егемендік жылдары еліміздің,  облыстың, ауданның жетістіктерін атап өтті. Лед экран арқылы кезінде осы өңірді басқарған азаматтардың ізгі тілектері тыңдалды.

Салтанатты түрде 12 Шет ауданының тұрғыны мерейтойлық медальмен марапатталды. Бұл тыл еңбеккерлері мен сан саладағы ардагерлер. Сонымен қатар «Үздік денсаулық сақтау, коммуналды, құқық қорғау,байланыс саласының қызметкерлері тәрізді 8 аталым жеңімпаздары анықталды.

Сахнада театарландырылған көрініс, қатпарлы тарихымыздан сыр шертті. Жергілікті әртістердің дайындаған шығармашылықконцерттекөрермен рухын қанаттандырды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар