Шет ауданына қарасты Ақжал кентіндегі апатты деп танылған көпқабатты тұрғын үй толығымен жөнделді

11:31, 4 қыркүйек 2017

Естеріңізге саламыз, бір жыл бұрын ескіріп, қирағалы тұрған ғимаратты билік өкілдері қайта қалпына келтіруге кіріскен еді.Ол екі ай аралығында халық игілігіне берілді. Осы жазда шатыры жөнделіп, баспана толығымен талапқа сай етілді

Бұл 5  қабатты тұрғын үйдің былтырғы сыйқы. Төбеден аққан су мен жарылған кәріз жүйесі  қабырғаларын қақыратып, ғимаратты  тіреп тұрған діңгектерді үгітіп жіберіпті. 80 – шы жылдары бой түзесе де нысан жертөле болып кеткен.  Бір жыл бұрын астан - кестеңі шығып жатқан жертөленің қазіргі кейіпі мүлдем бөлек.  Мұнда құбырлар түгел ауыстырылып, қабырғалары жаңартылған.   Шет ауданының әкімі Марат Жандәулетов әр отбасына кіріп, баспананың жағдайын көріп шықты.  Зейнегүл Ермекбаева  бұл үйде 35 жыл тұрады. Басапанасын жаңадан сатып алғандай күйде жүргенін айтады.  Былтыр осы кезде үйіне кіре алмай  туысқандарын паналап жүрсе, биыл қысқа азық әзірлеп, көкөністерді кәдеге жаратуда. Бүгінде осы үйдегі 77 отбасы өз баспаналарында тұрып жатыр.  Ғимаратты қайта қалпына келтіруге 95 млн теңге ақша қарастырыпты. Жергілікті билік  нысанды жөндеуге қаржы көзін табу үшін  демеушілерді жұмылдырған. Себебі үй жеке меншік болғандықтан қазынадан ақша  бөлу заңға қайшы. Бұған қоса биыл Шет ауданыны әкімдігінің тапсырмасымен үйдің шатыры да жаңартылды. Мұнда орталықтандырылған жылу жүйесі болғандықтан қысқы жылу беру маусымына да сақадай сай дайындалып қойған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар