Шет ауданына қарасты Ақсу-аюлы ауылының шаруалары ірі қара етін экскпортқа шығармақшы

22:41, 13 ақпан 2017

Жас кәсіпкер ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы асыл тұқымды мал етін сырт елге тасымалдауды жоспарлап отыр. Сәтін салса, айына 5-6 тоннаға дейін өнім шығаруды көздейді

Біржан Иманов Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің түлегі. Нанотехногия саласын жете меңгерген маман. Туған жерінің дамуына үлес қосу үшін қаладан ауылға келіп, шаруа қожалығын ашқан. Қазір жас кәсіпкер асыл тұқымды ірі қара мал өсіріп, игілігін көріп отыр. Ендігі меже - өнімді экспортқа шығару. Ол үшін өзімен қатар жастармен бірігіп, ауылшаруашылық кооперативін құрмақшы.

Біржан Иманов    шаруа қожалығының жетекшісі

Ауылдың жастарымен кездесіп, 20-25 тен астам жастар жиналып, кооператив ашып, осыны әрмен қарай өсіруге мүмкіндік алдық. Алдымыздағы Жолдаудың бір жақсылығы жастарға үлкен серпін берді. Себебі тың идея жастарда, күш қуат жастьарда. Бұл бізге колпертив ашуға бастама болып отыр. 

Өріс алар өркенді бастаманы жүзеге асыруға Біржан былтырдан білек сыбана кіріскен. Рессейден  арнайы 200 бас «Герефорт» асыл тұқымды ірі қара алдырыпты. Бұл тұяқтылардың артықшылықтары көп. Арқаның аязына төзімді. Әрі етті. Тайшалардың салмағының өзі 270-350 келіге дейін тартады.

Жанат Иманов шаруа қожалығының құрылтайшысы

Біздің қазақи жергілікті мал ондай салмақ бермейді. Өйткені неше жыл ұстадық, ондай салмақ бермейді. Биыл төл аламыз деп күтіп отырмыз. Еркек малды көктемде қосқанбыз. Наурыз, сәуір айының басында ма деп тосып отырмыз.

Келешекте шаруа қожалығы «Құлан» мемлекеттік бағдарламасы арқылы жылқы басын да көбейтпекші. Бұл қосымша жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде кәсіпкерлікте 20-дан астам ауыл ағайыны еңбекпен қамтылған.

 «Ағатан» шаруашылығы кәсібін одан әрі өркендетпек ниетте. Жуырда арнайы кешен өз жұмысын бастайды. Ол үшін мына жерден жұмысшыларға арнап, жатақхана орталықтандырылған жылу жүйесімен салынады. Сонымен қатар техникалар тұрағымен мал емдейтін сараптама орталығыда ашылатын болады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар