Шет ауданына қарасты Ағадыр, Жарық және Дәрия, Қарамұрын елді мекендерінің тұрғындары да Президенттің мақаласына бірауыздан үн қосуда

Облыстық мәслихаттың депутаттары ел дамуына даңғыл жол ашатын стратегиялық құжаттың ең негізгі бағыттарын әлеуметпен бірге бағамдады.Халық қалаулылары«Туған жер» бағдарламасының мән-маңызына баса тоқталды. Шалғайда жатсада күннен- күнге шырайы кіріп келе жатқан ауылдардың келбетіне депутаттар оң бағасын берді

19:14, 17 мамыр 2017   223

Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аудару керектігін өткен мен бүгінді сабақтастырып, сараптап көрсеткенін айтады депутаттар.Ал оның ең негізгісі -ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстынды сақтап қалу.Демек жаңғыру арқылы еліміздің жаңа бет-бейнесін әлемге танытсақ  әсте тиімді.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ облыстық мәслихаттың хатшысы

Мынау рухани құндылықтарды сақтай білуіміз керек.Осында білесіздер қаншама тарихи ескерткіштер жатыр.Анау жақта  Киікті мен Мойынтының маңындағы Ағыбай батырдың ескерткішінен бастап,міне осындай ескерткіштерді жөндеп, тақталарын іліп қоюымыз керек ғой. Дүниежүзілік көштен қалмас үшін  біз қай жағынан болсақта, білім жағынан болсақта ылғи өзгерісте болуымыз керек.

Тоғыз жолдың торабына айналған Ағадыр кентінде тұрғындардың тұрмысы тәуір.  Тәулік бойы пойыздар өтіп тұрады.Екі мыңнан астам жергілікті әлеумет темір жолда еңбек етеді.Аймақтың машинстері күніне мыңдаған тонна тауар мен жолаушыларды тасымалдайды.Өлкедегі күрмеулі мәселенің бірі11 көпқабаттты үйдің автономды қазандық жүйесінде жұмыс істеп жатқандығы.Пәтерлердің жертөлесіндегі пештерді шағын қазандыққа ауыстыру үшін   7миллион теңге қаржы керек.

Иманжан ЖЕКЕБАЕВ  Ағадыр кентінің тұрғыны

Келген адамдардың бәрі үйсіз болған.Әйтеуір баспанамен қамтамасыз етілді.  Су мәселесі жақсы Ағадырда. Әрқашан  көңіліңізде, жүрегіңізде бізді ойлап жүргеніңізге рахмет.

Бұдан соң халық қалаулылары  Сакен Сейфуллин атындағы ауылдық окургіне бас сұқты.Көшпелі жиналыста сөз алған депутаттар қарапайым қарашаға «Туған жер» бағдарламасы ауылды түлетумен ұлтты ұлы етудің  кемел кілті екенінде салмақтап сабақтады.Түптеп келгенде ауылдың терапиясы өскелең ұрпаққа ауадай қажет. Призиденттің парасатты паймында айтылған әрбір бағымды бастамалар  тұрғындарға сенімді серпін сыйлады. Жарық станциясындағы темір жол вокзалы маңында гүлзардың құрылысы басталыпта кетіпті.Алысқа сабылмай іргеден екі қолға бір күрек тапқан жергілікті азаматтар  қазір стратегиялық нысанның қабырғасын әктеп жатыр.

Назыр ҚОСУБАЕВ облыстық мәслихаттың депутаты

Ағадыр 10 мыңның үстінде халықы бар кент.Проблемалық сұраұтар көтеріліп жатыр. Соны қарастырып, облыс басшыларына ұсынамыз.

Сонымен қатар  облыстық мәслихаттың депутаттары Дәрия кенті мен Қарамұрын станциясының халқынада  ұлт көшбасшысының мақаласын  насихаттады. Жұрттың шағымы мен ұсынысынада құлақ асуға уақыт тапты.  Ағайынның айтылған уәждері енді  аймақ билігіне жеткізіледі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25