Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл

17:54, 16 қазан 2017

Еңселі елді мекеннің мерейтойы қарсаңында жаңа гүлзардың есігі айқара ашылды.Бұл күні шойын жолдың бойындағы өлкенің өрлеуіне өлшеусіз қосқан үлес азаматтарға құрмет көрсетілді

Ақадыр кентінде алдымен  саяси қуғын -сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған гүлзар халықтың игілігіне берілді.Демалыс орнының ортасына таза темірден жасалынған, жазықсыз ата-бабалардың зұлмат жылдардағы тағдырын айқындайтын монумент қойылған.Елдіктің белгісін білдіретін екі жағындағы гранит тақтаға Елбасының қанатты сөзі қашап жазылған.Жалпы гүлзардың құрылысына жергілікті қазынадан 8 миллион теңге бөлініпті.Аумағын абаттандыру мақсатында 20 түп қарағай мен жарық шамдарды орнатылған.Тоғыз жолдың торабындағы өңірдің мерейтойына негізделген шаттықты шаралардың түндігі теміржолшылар стадионында түрілді.Ашық аспан астындағы алаңда балғындар сүйіншілеп, әжелер шашу шашты.Ақадырда бүгінде он мыңнан астам халық тұрады.Әлеуметтің басы көпшілігі темір жолда жұмыс істейді.Еліміздің күллі аймағынан келген қадірлі қонақтардың санында шек болмады.Салтанатты жиында сөз алған ҚР Парламент сенатының депутаты Рысқали Әбдікеровте кенттің сексен жылдағы жеткен жетістігі мен  жарқын болашағына тереңнен тоқталды.

Рысқали Әбдікеров  ҚР Парламент Сенатының депутаты

Бірнеше ұлттың өкілі осында тату –тәтті өмір сүрді. Темір жолдың бойындағы мекемелерде азаматтарымыз қызу еңбек етуде. Жерлестер 80 жыл мереке құтты болсын. Ақадыр кенті жайнай берсін.

Ақадырдың дамуына елеулі еңбек сіңірген сан түрлі саланың бірқатар азаматтарын Шет ауданының  әкімі Құрмет граматосымен марапаттады. Әрі қошеметке бөлеп, сый-сияпаттар табыстады.

Марат Жандәулетов  Шет ауданының әкімі

Ақадыр кентінің өткені мен бүгініне  біз мақтанышпен қараймыз. Адамдары ақ пейіл, елі дархан. Ақадыр  кенті жайлы шертілмеген сыр, жазылған тарих беттері аз емес.

Мәртебесі асқақтағандардың қатарында Алексей Чеботаревте бар.Қазыналы қария шойын жолдың бойында қырық жылдан артық талмай тер төкккен.Ол ұмытпай ұлықтаған билік өкілдеріне дән риза.

Алексей Чеботарев  ақсақалдар алқасының мүшесі

Қартайды деп мені билік өкілдері назардан тыс қалдырмайды. Аудан әкімдігіне бірауыздан   ризашылығымды білдіремін.  Мен өте қуанышытымын.

Осы күні  Саят Әбдіғалидің   Қалижан Қазкенұлының сөзіне жазылған «Ақадырым» атты жаңа әні алғаш рет орындалды.Түстен кейін елді-мекенде қазақ күресінен Серік Мамашұлы атындағы республикалық турнир жалауын желбіретті.Бабы келіскен 156 палуан боз кілемде белдесті. Станцияның күшті жігіттері қой көтеруден жарысты. Аламан және топ бәйгеде  арғымақтар  мен тайлар 16 және 24 шақырым қашықтыққа шапты. Жас шабандоздар Ақадырдың шаңын аспанға шығарып, қиқуға басты. Көрерменді шаттандыратын көнілді концерт те шараның көркін қыздыра түсті.Эстрада жұлдыздары мен жергілікті әншілердің өнері  жұрттың тұла бойын тебірентіп, жүрегін елжіретті.

Жанбота Рахметуллаұлы тілші

Кентте он бірдей ақ шаңқаң киіз үй тігілді.Сағынысып қауышқан қараша мен қонақтар мәре-сәре күй кешті. Көңілді бағдарламалар мен әсем әндер сахнада үйлесімін тапты.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
16:20, 20 маусым 2018
«ҚҰРМЕТТІ ЗАҢГЕР» МАРАПАТЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
17:42, 13 маусым 2018
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...