ШЕТ АУДАНЫ. ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ

19:16, 9 мамыр 2019

Шет ауданының барлық ауылдарында Ұлы Жеңіс күні аталып өтті. Ақжал кентінде майдангерлерге арналып ескерткіш ашылды. Ақсу Аюлы ауылында жүздеген тұрғын сахнаға шығып, «Жеңіс күні» әнін шырқады. Аудан әкімі соғыс және тыл ардагерлерінің үйіне барып құттықтап, бағалы сыйлықтар тарту етіп, құрмет көрсетті

Бүгін - жеңістің 74-інші көктемі.  Әдеттегіде ерлік пен елдікті екшелейтін «Жеңіс лентасы» тағылып жатыр.  Ескерткіш алдына жиналғандардың жүзінен қуанышты да, қобалжуда  бар. Себебі әрбір адамның ата-бабасы зұлмат жылдарды бастан өткерді. Ауданнан майданға 5 жарым мың сарбаз аттанса, 2000 ға жуық жанугер отанына оралмаған.

Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ, Шет ауданының әкімі:

-Бүгінде мемлекет тарапынан ардагерлерге деген құрмет арта түседі.Ыстық ықыласта ерекшеленуде. Ардақты ардагерлер, аяулы аналар, сіздердің арқаларыңызда біз осы керемет елде өмір сүріп бақытты ғұмыр кешудеміз. Сіздердің ерліктеріңізді біз ешқашан ұмытпаймыз.

Шет ауданында екінші дүние жүзілік соғыстың 2 куәгері қалған.   Майдангер Мұқажан Ақажанов биыл 105 жасқа келді. Үнемі жауынгерлік тәртіппен жүретін ардагер әдетіндей ерте тұрып, қонақ күтіп алды. Жеңіс солдаты небәрі  19 жасында Жапония еліндегі 18 ші шекарадағы шайқасқа түскен.  Ғасыр жаса да зердесі зерек  қария  өткеннен сыр шертті.

Мұқажан АҚАЖАНОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері:

-Бүгінгі 9 мамыр күні құтты болсын. Бақытты болыңыздар. Өмір жастарың ұзақ болсын.

Аудан әкімдігінің бюджетінен биыл  соғыс ардагерлеріне 300 мың  теңге қаржы бөлінген. Мұндай бағалы сыйлықтардан тыл ардагерлеріде құр қалмады.  Мейрам әр ауылда өз мәнінде мерекеленуде. Ақжал кентінің Қарабұлақ ауылында боздақтарға арнап ескерткіш тақта ашылды.

Исақ ЖАУҚҰТТЫ, ішкі істер саласының ардагері:

-Бұл жеңіс күні деген үлкен мереке. Жеңіс деген сонау ата бабаның қанын төкті. Солардың рухына  бағыштау. Әр отбасында шелпек пісіріп, соларға дұға бағыштайды. Сондықтан бұл үлкен мереке.

Аудан орталығында ауылшаруашылық жәрменкесі өтті. Спорттық ойындар бойынша жастар білек күшін сынасты. Ал асық ату спорттық додасына тыл ардагерлерімен   мемлекеттік қызметкерлер қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Нәтижесінде ардагерлер басым түсті.

Орталық алаңда   әскери шатыр тігіліп, тыл ардагерлері мен тұрғындар солдат ботқасынан ауыз тиді.  Мектеп оқушылары театрландырған қойылымда қазақ батырларының ерлігін әспеттеді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Бұл жарғақ құлағы жастыққа тимеген солдаттар өмірінен  үзінді.  Сахнада темірдей тәртіпті, мүлтіксіз міндетті мүдірмей орындаған жауынгерлер жанкештілігі  көрерменге көрсетілді. Сағынышқа толы хаттардан ұрыс даласының жаңғырығы ел есінде екенін аңғаруға болады.

Аудан  көркемөнерпаздары әскери әндерді орындады. Ал «День Победы» әнін аудан әкімі бастап , тыл ардагерлері қостап, күллі тұрғын сахнаға шығып, ерлерге тағызым етіп тұрып шырқады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар