ШЕТ АУДАНЫ. ТУҒАН КҮНІҢМЕН, СҮЙІКТІ ҚАЛАМ!

16:17, 6 шілде 2019

Елорданың төл мерекесі қайырымды іске бастама болды. Айтулы күні Шет ауданының көпбалалы отбасылары баспана иеленді. Сондай – ақ мерекелік шара барысында жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қайтарымсыз гранттар да берілді. Ел жүрегінің туған күні ауыл тұрғындары үшін тағы қандай ерекшелігімен есте қалды?

Дәстүрге айналған астана күні Ақсу – Аюлы селосында тұратын Ахметовтар отбасында биыл ерекше атап өтілді. Жанұя Елорда күнімен қатар қоныс тойын да тойлады.  Жылдар бойы жалдамалы пәтерді паналап келген көпбалалы отбасыға қайырымды жан 5 бөлмелі үйді жиһазымен бірге сыйға тартқан. Бауыржан Мұсаханов есімді жомарт кәсіпкер мұқтаж жандардың арманын орындау жолында 7 миллион теңге ақша бөлген.   

Айгүл АХМЕТОВА, Ақсу – Аюлы кентінің тұрғыны:

-Алты балам бар. Үй жалдап тұрғанбыз. Көмек ретінде үй берді. Балаларымыз мәре – сәре болып жатыр үйге келгенімізге, өзіміз де қуаныштымыз. Үлкен көмек, жақсы.

Ұлы даланың жүрегіне айналған жас Елорданы бүгінде әлем таныған. Сондықтан астана мейрамында айтулы оқиғалардың болуы заңды. Мәселен, Шет ауданының 15 кәсіпкері дәл осы күні аудан әкімінің грантына ие болды. Бизнесті дамыту жолына бюджеттен 5 миллион теңге қайтарымсыз қаржы қарастырылған. 

Жеке ісіне қолдау алғандардың қатарында Сая Олжатай да бар. Ол 2017 жылы облыс әкімінің грантына ие болып, наубайхана ашады. Қазір жүз отбасы тұратын Қызылқой ауылын нан өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Енді бұл жолы алған ақшаға өз кәсібін кеңейткісі келеді.

Сая ОЛЖАТАЙ, кәсіпкер:

-Ол 300 мың теңгеге мен торт пісіретін миксер аламын. Әрі өзім наннан басқа торт та пісіретін боламын. Ендігі жоспар мини столовый ашу.

Ұлы тойдың әуезді әндері де ерекше болды. Бұл күні аудан тұрғындары өнерпаздардың ән – жырынан ләззат алды. Ал, бала – бақша бүлдіршіндері болса, Елордамызға арнап өз қолдарымен жасаған бұйымдарын көпшілік назарына ұсынды. Сондай – ақ, саябақта кітап көрмесі де өтті.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар