ШЕТ АУДАНЫ. СӘЛЕМ, НАУРЫЗ!

18:22, 22 наурыз 2019

Наурыз мейрамы асқақ армандар мен жаңа үміттердің мерекесі. Дәстүрінен жаңылмаған Шет ауданының жұртшылығыда аудан орталығы Ақсу-Аюлыда жыл басын сән салтанатымен қарсы алды. Елдің әлеуетін ескеріп түрлі әлеуметтік іс-шаралар ұйымдастыра білді. Ауыл жәрмеңкесі өткізіліп,өнімдер арзан бағамен сатылды. Аз қамтылған және көп балалы отбасыларыда сый сияпатсыз қалмады

Қыс бойы жауған қардың көбесі сөгіліп, көк аспаннан күннің нұры төгіліп, жаңа жыл жайдарлы басталды. Алдымен аудан жұртшылығы «Салт дәстүр - асыл қазынам» атты театрландырылған қойылымды тамашалады. Қыдыр ата батасын беріп, мерекелік шараның шымылдығын ашты.

Жиналғандар алдында ме­рекелік көңіл күйде сөз сөйлеген аудан әкімі  тұрғындардың қол жеткізген табыстарына тоқ­талып, барша халықты Наурыз мереке­сі­мен құттықтады. 

Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ, Шет ауданының әкімі:

-Наурыз мейірім мен қайырымдылық мерекесі.Осынау қасиетті күні адамдар бір-біріне деген өкпе реніштерін кешіріп тек қана жылылыққа толы тілектерін айтады. Игі дәстүрмен қайырымдылық күін өткізеді. Мінекей, наурыздың мән мағынасы осымен басқа мерекелерден ерекше екендігін көрсетеді.

Бұл күні мерекеге орай әлеуметтік шаралар молынан болды. Мәселен,  ауылдық округі әкімінің аппараты қара қазанға палау басып, аудан тұрғындарына тегін таратты. Бауырсақ фестивальіде өткізіліп келген жұрт түрлі дәмді бауырсақтардың дәмін татып көрісті.

Өткен жылы іске қосылған Алмалы кен орынының ұжымы арнайы киіз үй тігіп, 120 аз қамтылған отбасыларға, мүгедек жандарға қайырымдылық дастарханын жайды.

Наурыз ол күн мен түн теңесіп, Самарқанның көк тасын жібіткен жарлы мен байды тең еткен молшылық мерекесі. Аудан жұрты бұл күнді лайықты түрде қарсы алып, бір-біріне тілек арнаудан жалықпады.

Наурыз мерекесі - игі істердің көрнісімен жалғасын тапты. Ауданы әкімі жылдағы дәстүр бойынша соғыс ардагерлерінде ұмыт қалдырмай сый сияпатын жасады. Биыл бұйыртса жүздің бесеуін еңсеретін Мұқажан Ақажанов келген меймандарына алғыс айтып, ақ батасын берді.

Осындай мерекелік іс шаралар аудан көлеміндегі барлық 24 ауылдық округтерде өткізіліп, жиылған жұрт ән айтып, би билеп көтеріңкі көңілмен тарқасты.

Ботабек МАРАТҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар