Шет, Ақтоғай аудандарының әкімі ауысты

16:05, 13 сәуір 2016

Жаңа басшыларды осы өңірлердің активі мен депутаттарына облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков таныстырып, тағайындады

Шет ауданының әкімі болып Марат Жандаулетов тағайындалды. Ал аталған ауданды басқарып келген Рысқали Әбдікеров облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.

Марат Жандәулетов ұзақ жылдардан бері мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Бұған дейін Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары болды.

Ал Ақтоғай ауданын қайтадан Салатанат Әбеуова басқарады. Ол  2012 жылы осы жерде әкімі болған еді. Тағайындалғанға дейін облыстық мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының орынбасары қызметін атқарды.

Мамандығы бойынша Салтанат Әбеуова неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі. Мемлекеттік қызмет саласында 25 жылдық тәжірибесі бар.

Асылбек ТОЙБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар