ШЕШЕНДІК ӨНЕР – ҰЛТ МҰРАСЫ

17:02, 16 мамыр 2018

Елдің дамуына оң серпін берген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде облысымызда қолға алынған тың жобалар жан-жақты таныстырылуда

Сондай шарапатты шара Абай шаһарында да өтті. Тұрғындар қазақ халқының шешендік өнері туралы қызықты мағлұматтарға қанық болды. Облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қабылданған әртүрлі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл іс-шаралар азаматтық жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділікті арттыра отырып, ұлттық құндылықтарды, тарихты терең тануға бағытталған. Сондай пайдасы орасан жобалардың бірі-Бақытқали Мұсабековтің қазақтың шешендік өнерін дамыту, насихаттау мақсатында қолға алған жобасы жұртшылық тарапынан жылы қабылдануда. Осылайша халықтың көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнеріне деген құрметі мен қызығушылығын жоғарылату мақсатымыз,- дейді ұйымдастырушылар.

Бақытқали МҰСАБЕКОВ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Елбасының айтып отырған «Рухани жаңғыру», яғни өзіміздің ұлттық бейнемізді қалпына келтіру, ұят, ар деген нәрсе, соны бойымызға қалыптастыру. Сол мақсатпен аудандарды аралап жүрмін.

Абай қаласының тұрғындары да би-шешендер мұрасы туралы мол мәлімет алып, Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» мен Бұқар жырау, Кенесары, Мөңке би, Жүсіп Баласағұнның аталы да баталы сөздерін ұйып тыңдады. Мұндай шаралар жас ұрпақ санасына отансүйгіштік рухты қалыптастырып, ұлы тұлғаларды тануға ықпал ететіні сөзсіз.

Шынар СҰЛТАНБЕКОВА, Абай қаласының тұрғыны

Рухани жаңғыру» шеңберінде бүгінгі өткізіліп жатқан облыстан келген топ мүшелерінің ақпараты өте маңызды. Түсіндірме жұмыстары өте анық және де әрбір Абай ауданының тұрғындарына пайдалы деп ойлаймын.  

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған бұл жобамен бүгінде облысымыздың 5 аудан тұрғындары танысқан. Жыл соңына дейін барлық аудан-қалалар жұртшылығы ұлттық мұраларымыз туралы тың деректерге қанық болмақ.

Асылбек ТОЙБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар