ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНА – 160 жыл

23:31, 16 наурыз 2018

Қарағанды қаласында Ернұр Әзімбаевтың «Шәкәрім қажы батасы» пьесасына қойылған спектаклдің үзіндісі көрсетілді.

Онда өз заманының келелі мәселелерін, қоғамдық шындықты қозғағаны бейнеленді. Бұл шара- Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына орай және рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өтті.  Қойылымда Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі суреттеледі. Өз заманындағы қиыншылықтар мен әділетсіздікпен күрескен  Шәкәрім қажының жан айғайы көрсетілген. Ол - өмірінің соңына дейін халқының тәуелсіздігін ансады. Сол жолда ақырында ащы шындығы үшін оны атып тастайды.

Кеңес ЖҰМАБЕКОВ  қоюшы режиссеры

Қажының өмірінің соңғы кезіне байланысты осы ұрпақтарының бірі – Ернұр Әзімбаев азаматтың жазған шығармасы бойынша үзіңді дайындадық. Бұл шын мәнінде де мектеп оқушыларына көрсетуге болатын туынды .

 Кемеңгер ақын әрі қажыны 23 жасар Наурызбай Есейұлы сомдады. Бұл оның - театр сахнасындағы алғашқы басты рөлі емес. Ұлы Абайдың ізін жалғастырушы, қазақтың бір туар ақыны, соңғы философтардың бірін бейнелеу  үлкен жауапкершілікті талап етеді,- дейді жас әртіс.

Наурызбай ЕСЕЙҰЛЫ  С.Сейфуллин атындағы театрдың әртісі

Шәкәрім өзі – қажы болған кісі ғой. Құнанбайдың ұрпағы. Сондықтан бұл рөлді сомдау үшін жүректің имандылығы, тазалығы керек. Қиын болды, бірақ алып шықтым деп ойлаймын.

Қойылым сазгер Ернұр Әзімбаевтың  «Рухани сабақтастық» атты кешімен жалғасты. Сахнада оркестірдің сүймелдеуімен «Шәкәрімнің азасы», «Әкені аңсау» атты күйлері тартылды. Көркем сөз оқылып, «Құнанбай қажы» әні орындалды. Сондай-ақ сазгер Ернұр Әзімбаевтың сөзіне жазылған тағы 20 шақты ән кештің сәнін келтірді.

Ернұр ӘЗІМБАЕВ  сазгер

 Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына байланысты және осы кісінің еңбегін дәріптеу мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып жатырмыз. Жас ұрпақты тәрбиелеу, солардың рухани азығы болсын деген ниетпен өтті. 

Биыл ақын, жазушы, ұлы тұлға - Шәкәрім Құдайбердіұлының туылғанына 160 жыл. Айтулы датаға және Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында облысымызда осындай шара ұйымдастырылып жатқанына тұрғындар да дән риза.

Зәуреш САТЫБАЛДИНА көрермен

Бұл  кезінде кішкене орыстанған қала еді. Қазір Шәкәріммен табысып, рухани толығып жатыр. 

Айдана   ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар