ШАТТЫҚ СЫЙЛАҒАН МЕРЕКЕ

15:06, 11 ақпан 2019

Шахарымызда бастау алған«I LOVE КARAGANDA»атты мұз фесті ерекше сән-салтанатпен мерекеленді

Жергілікті жұртпен қала қонақтары ақ айдында коньки тебумен қатар түрлі шаттықты шоуларды тамсана тамашалады. Игі бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының айқын айғағы.Сондай-ақ көпшіліктің назарына  көңілді концерттік бағдарламалар ұсынылды. Әлеуметке әдемі әсер сыйлаған шара туралы әріптесім Жанбота Рахметуллаұлы айтып берсін.

«I LOVE КARAGANDA» деген атаумен үйлесімі тапқан  мұз фестінің бел ортасынан  халық пен қала қонақтары және жергілікті билік өкілдері табылды. Бұл күні «Шахтер» стадионына жиналған жұрттың бойын шексіз қуаныш кернеп, мәрә-сәрә күй кешті. Ауқымы кең, аталмыш шара Қарағанды қаласының  85 жылдығына бағытталып ұйымдастырылды.Ал мерейтойлық мерекеде Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы шахарымыздың шырайы жыл санап емес, күн санап кіріп келе жатқанын алға тартты.

Құдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы

-Біздің қала күн сайын көркейіп келеді.Қарағанды жастардың қаласы. Биыл Елбасы өз Жолдауында жастар жылы деп жариялады. Сондықтан біз жастарға сенеміз. Үкілі үмітіміздің тірегі жастар.Бай-қуатты болайық!

Көңілді бағдарлама шеңберіндеарынды балғындар дарынымен дараланды.Олар Аппақ Байжановтың ғибратты ғұмырымен өндірісті өңірдің  шежіресі  жайлы театрландырылған қойылымдыкәсіби әртістерден кем сомдамады.Шығармашылық ұжымдар мен ансамбльдер  қазіргі заманғы билерді мың бұрала биледі.

Ирина ЛЮБАРСКАЯ, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

-Біз мәдени шаралар өткізуді қаңтар айында бастаған болатынбыз.Игі бастамалар жыл бойы  жалғасын табатыны анық.Шахар билігі тарапынан  қала тұрғындары үшін барлық жағдайды жасаймыз. Сүйікті қаламыздың мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын.

Өрелі жастар сүйікті қаласына перзенттік сезімін патриоттық әсем әнмен әуелетіп төгілтті.Көңілдері көк теңіздің арнасындай тасыған  қарағандылықтарға ақпанның  үскірік аязыда сезілмеген сыңайлы.Мұз айдынында көпшілік коньки теуіп, бойларын сергітті.Ал жолданған викториналық сауалдарға жиналған қауым мүдірмей жауап берді.

Нұрлан МҰХАТАЕВ, қала  тұрғыны

-Қызымыз екеуміз осы мерекені тойлап, қыдырып жүрміз. Осындай үлкен қаламызда әр түрлі жерлерде шаралар өтіп жатыр. Соған өте қуаныштымыз.Өйткені біздің қаламызда әр түрлі ұлттар тұрады. Барлығымыз тату-тәтті өмір сүрудеміз.

Әсерлі файер -шоуда мерекенің көркін қыздырды.Шаттанған халық бал-бұл жайнады. Шараның соңында қазыналы Қарағандымыз әрдайым жалындай лапылдап,  жайнай берсін деген ниетпен  аспанға от шашу шашылды.

Теги: последние новости Караганды сегодня, новости и события в Карагандинской области, происшествия в Караганде

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар