ШАРУАСЫ ӨРГЕ ЖҮЗГЕН ӨЛКЕ

17:34, 11 шілде 2018

5 жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға жағдай жасау керек. Бұл Елбасы Жолдауындағы негізгі міндет. Осы мақсатта Жаңаарқа ауданында да ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру қызу жүргізілуде

p>Жаңаарқа ауданындағы 1000-нан астам тұрғыны бар Байдалы би ауылы  кооперативтің игілігін көріп отырған елдімекендердің бірі. Себебі, күнкөрістің басым бөлігі  мал шаруашылығы болғандықтан, кооператив құру өрісті ауылдың қанатын кеңге жая түскен. Жоспарды жүзеге асыру мақсатында ел  қазынасынан 110 миллион теңгені 6 пайыз жеңілдікпен алған «Достық-Атасу» қожалығы 500-ге жуық ірі қара сатып алған. Отыздан аса шаруаны біріктірген кооператив төрағасы Қайрат Рақымжанов мемлекеттік бағдарламаның шарапатын көріп отырмыз,- дейді.

Қайрат РАҚЫМЖАНОВ,   «Достық-Атасу» кооперативінің төрағасы:

-32 отбасы бірігіп, қожалық жұмысын жүргізуде. 108 миллион теңге алдық  мал саны артуда.

Бүгінде кооперативтің 400-ден аса сүтті сиыры бар. Қазір жайылымдық жер мәселесі шешімін тапқан.  Бұдан бөлек, кооператив ұжымы сүт сақтайтын тоңазытқыш алып, ет өнімдерін қолға алуды да жоспарлап отыр.

Жанат ТӘЖИТОВ,  Байдалы би ауылдық округінің әкімі:

-2017 жылы «Достық Атасу» кооперативі құрылды. Қазір барлық жағдай тұрақтанған. Мал саны 1,5 есеге арта түсті.

Бір ғана Байдалы би ауылында мал саны артып,   ірі қара 4000, жылқы 6000 жуықтаған. 170 отбасы тұратын округтің өзінде 64 фермер шаруасын шалқытып отыр. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен «Агробизнес – 2020»,  «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары ауыл тынысын аша түсті дейді, - мал бағуды кәсіп еткен Азамат Рақышев.

Азамат РАҚЫШЕВ, бақташы:

-Кооператив құрылғалы мал саны өсті. Асыл тұқымды ақ бас сиыр әкеліп қостық. Жұмыс та табылды. Таңнан кешке дейін малға қараймыз.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ, тілші:

-Ең алғаш жұмысын 500 ірі қарамен бастаған «Достық Атасу» кооперативі мал басын 2000 жеткізуді көздеп отыр. Тіпті жұмыс нәтижесін берсе сүт өнімдері щығармақ ниетте. Ісіміз алға жүзісе сүт цехын да ашуды қолға алмақпыз,- дейді шаруалар.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...