ШАРУАЛАРҒА ҚОЛДАУ

13:31, 15 қараша 2019

Фермерлердің мәселесі көтерілді. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек агроөнеркәсіп өкілдерінің өзекті сауалдарын шешудің тосын жолдарын қарастырды. Ол үшін аймақ басшысы «ҚазАгро» ұлттық холдингісінің басшылығын ашық алаңда сұхбаттасуға шақырды. Талқыланған сұрақтар қандай шешімге ие болды?

«ҚазаАгро» холдинг мамандары кездесуге елордадан арнайы келген. Сондай – ақ, жиынға өңірдің ауыл шаруашылық саласының өндірушілері шақыртылды. Фермерлер өзекті сауалдарын жолдап, несие алу барысында қиыншылықтар көп екендігін жеткізді. Сонымен қатар агро салаға бағытталған қолдаудың өзге түрлері де талқы таразысынан өтті.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Ағымдағы жылы Холдингтің даму институттары арқылы біздің облыс үшін 22,6 млрд.теңге кредиттік ресурстар қарастырылған, бұл 2018 жылға қарағанда 5,6 млрд. теңгеге артық.

Мұндай шұғыл жиынды өткізуге облыс аумағында фермерлердің сұрақтары шешім таппай, қордаланып тұрғаны түрткі болған. «ҚазАгро» өкілдері бұл олқылықпен күресу жолында жан – жақты шаралар ұйымдастырылып жатқанын айтты. Мәселен, 11 мыңнан аса іріқара мен 5 мың жылқыны сатып алуға қаржы бөлініп, шаруашылыққа қажетті 650 техника иемденуге жағдайлар жасалған.

Жеңіс ҚАСЫМБЕК, Қарағанды облысының әкімі:

-Инвестициялық субсидиялар бойынша мәселе шешілуде. Бізге Желтоқсан айында 2,5 миллиард теңге беріледі. беріледі. Оған қоса келесі аптада облыстық бюджеттен асыл тұқымды мал шаруашылығына 1 миллиард теңге бөлінбек. Республика ақпан айында субсидиялайтын болады, бірақ біз қазір 2-3 айға дем алуды жоспарлап отырмыз.

«Қарапайым заттар экономиакасы» бағдарламасы фермерлерге мүмкіндіктің жаңа есктерін ашты.. Әсіресе, кәсіпкерлер үшін несие алу шарттары жеңілдетілді. Яғни, жеңілдік 6 %- ға төмендеп, қарызды қайтаруға тағы қосымша мерзім де қарасатырылған. Сондай—ақ, әлеуметтік несие алушылар қатары да бұрыңғыдан көбейе бастады.

Бауыржан БАЙМҰҚАШ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ ҚОФ директоры:

-Қарапайым экономикалық заттары- бұл арнайы шығарылған несие бағдарламасы. 15 %-дан, 7 жылға беріледі. Оның 10% субсидияланады. Онда 24 айға дейін жеңілдік кезеңі қарастырылған. Қарағанды облысында бағдарлама аясында 1 млрд, 650 млн теңге бөлінген болатын. Оның 700 млн үнемделген. Қазіргі таңда 900 млн теңгені үнемдеу жоспары бар.

Билік, «ҚазАгро» даму институты және бизнес. Осы  үш ортақ бағытты бір арнада тоғыстыру - Жеңіс Қасымбектің алға қойған мақсаты. Аймақ басшысы осылайша оң нәтижеге қысқа мерзімде қол жеткізуге болатынын атады. Әсіресе, шаруашылық өнімдерін даярлайтын кәсіпкерлерге несиеге жағдай жасалса, сәйкесінше өндіріс қарқын алып, ауыл тұрғындарына жаңа жұмыс орындары да ашылады. Жеңіс Махмұдұлы ауылшаруашылық басқармасының басшыларына көтерілген сұрақтарды холдинг филиалдарымен, және аудан басшыларымен қайта қарауды тапсырды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар